
Қытайдың Хэнань провинциясына қарасты Чжонджоу қаласының Жмоун ауданында орналасқан Ханань ауылшаруашылық кәсіптік колледжі – елдегі аграрлық білім беру саласындағы ең беделді оқу орындарының бірі. Колледж 1952 жылы құрылған. Бүгінде оқу орны 150 гектар аумақта орналасқан және 52 түрлі мамандық бойынша кадрлар даярлайды.
Колледждің негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы, астық дақылдарын өсіру, заманауи туризм және сервис саласы. Мұнда қазіргі уақытта 13 мыңнан астам студент білім алуда. Сабақтарды 80-нен астам оқытушы, соның ішінде 63 профессор, 5 PhD дәрежелі ғалым және 5 мемлекеттік сыйлық иегері жүргізеді. Бұл көрсеткіштер колледждің білім беру мен ғылым саласындағы жоғары деңгейін айғақтайды.
Ханань ауылшаруашылық кәсіптік колледжі халықаралық ынтымақтастыққа да айрықша мән береді. Оқу орны Корея, Германия және Малайзия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатып, бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Осы бағыттағы өзара әріптестікті кеңейту мақсатында колледждің директоры Лию мырзаның және ұжымының қатысуымен Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі делегациясымен ресми кездесу өтті. Кездесу нәтижесінде екі оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл келісімнің басты мақсаты – аграрлық білім беру саласында тәжірибе алмасуды күшейту, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру және ғылыми-зерттеу бағытындағы бірлескен жобаларды дамыту.
Меморандум аясында екі елдің білім беру мекемелері арасындағы өзара байланыс нығайып, ауыл шаруашылығы саласындағы болашақ мамандарды даярлау ісінде жаңа мүмкіндіктер ашылады деп күтілуде.

Henan Agricultural Vocational College and D. Konayev Agrarian-Technical College Establish Cooperation
Located in Zhumou District, Zhengzhou City of Henan Province, Henan Agricultural Vocational College is one of China’s leading institutions in the field of agricultural education. Established in 1952, the college occupies an area of 150 hectares and offers education in 52 different specialties.
The college focuses on key areas such as agriculture, grain crop cultivation, modern tourism, and service industries. Currently, more than 13,000 students are enrolled. The teaching staff includes over 80 educators, among them 63 professors, 5 PhD holders, and 5 recipients of national awards, which highlights the college’s strong academic and scientific potential.
Henan Agricultural Vocational College places great emphasis on international cooperation. It has established partnerships with leading educational institutions in Korea, Germany, and Malaysia, implementing joint scientific research and innovative projects.
In order to expand mutual collaboration, a formal meeting was held between the college’s Director, Mr. Liu, and the delegation of D. Konayev Agrarian-Technical College. As a result of the meeting, the two institutions signed a memorandum of cooperation.
The agreement aims to strengthen experience exchange in the field of agricultural education, enhance academic mobility for teachers and students, and promote joint research initiatives.
This memorandum marks an important step in developing bilateral relations between the educational institutions of the two countries and is expected to create new opportunities for training future specialists in the agricultural sector.