My CMS

Чжонджоу энергетика колледжіндегі жылы жүздесу

 

Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж директоры Сейдулла Ибадуллаұлы мен Қытайдың Чжонджоу энергетика колледжі директоры Ян Соякуья ұжымымен ресми әріптестік кездесу өткізді.

Чжонджоу энергетика колледжі 1933 жылы құрылған және қазіргі таңда 9 мыңнан астам студентті оқытуда. Колледж халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Атап айтқанда, Монголия мен Оңтүстік Африка елдерімен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда, ал Тайланд пен Камбоджадан келген 2 мыңнан астам студент үшін 24 оқу бағдарламасының стандарты әзірленген. Бұл бағдарламалар халықаралық тәжірибеге негізделген, заманауи техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелерін қамтиды.

Кездесу барысында Чжонджоу энергетика колледжі өздерінің әлемдік деңгейдегі оқу бағдарламаларын Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінде қолдануды ұсынды. Бұл ұсыныс екі оқу орны арасындағы тәжірибе алмасуды кеңейтуге, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыруға, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі колледж арасындағы ынтымақтастық білім беру сапасын халықаралық стандартқа көтеруге және ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа да техникалық салалардағы мамандарды даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

 

A Warm Meeting at Zhongzhou Energy College

The Director of the D. Konayev Agrarian-Technical College, under the Department of Education of Turkistan Region, Seydulla Ibadullauly, held an official partnership meeting with Yan Soyakuya, Director of Zhongzhou Energy College in China.

Founded in 1933, Zhongzhou Energy College currently educates over 9,000 students. The college places special emphasis on international cooperation. Notably, it has joint projects with Mongolia and South Africa, and 24 standardized study programs have been developed for more than 2,000 students from Thailand and Cambodia. These programs are based on international experience and incorporate modern technical and vocational education methodologies.

During the meeting, Zhongzhou Energy College offered to implement its world-class study programs at D. Konayev Agrarian-Technical College. This initiative aims to expand experience exchange between the two institutions, enhance academic mobility for both teachers and students, and promote collaborative research and innovative projects.

As a result, the partnership between the two colleges is expected to raise the quality of education to international standards and create new opportunities for training specialists in agriculture, energy, and other technical fields.

Прокрутить вверх