
Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы талқыланды.

Жиынға Сайрам ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сержан Дүйсебаев, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, сондай-ақ ғалымдар, азаматтық ұйым өкілдері мен ауданның беделді азаматтары қатысты.

Спикерлер Жолдаудағы жасанды интеллект технологияларын дамыту, кадр даярлау, экономиканы цифрландыру, аграрлық секторды қолдау және әлеуметтік саланы жетілдіру бағыттарын ерекше атап өтті.

Жиын ашық пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар Жолдаудың ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
