My CMS

Автоэлектрик мамандығы бойынша қорытынды емтихан сәтті өтті

АЭЛ 9-222 тобының студенттері қорытынды демонстрациялық емтихан тапсырды
«Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында
07161300 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша
«Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик» біліктілігіне ие
АЭЛ 9-222 тобының студенттері
қорытынды демонстрациялық емтихан тапсырды.

Демонстрациялық емтихан CIS (Competence Information System) бағалау жүйесі бойынша өткізілді. Бұл жүйе WorldSkills стандарттарына негізделіп, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін нақты өндірістік жағдайға ұқсас ортада бағалауға мүмкіндік береді.

Емтихан 3 модуль бойынша өткізілді:
ELECTUDE – автомобиль электр жабдықтарына арналған интерактивті оқу платформасында теориялық және симуляциялық тапсырмаларды орындау;

Стартерлер мен генераторлардың жұмысын бақылауға арналған стенд (BANCHETTO) – нақты құралдармен жұмыс істеу арқылы электр агрегаттарының жұмысын тексеру және ақауларды анықтау;

FSA 740 диагностикалық кешені және FCAR сканері – автомобильдің электронды басқару жүйелерін заманауи әдіспен диагностикалау.

Емтихан барысында студенттерге автомобиль электр жүйелерін диагностикалау, ақауларды анықтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау тапсырмалары берілді. Студенттер жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтап, арнайы құрал-саймандарды тиімді пайдалана білді.

Бағалау комиссиясы студенттердің кәсіби дағдылары мен практикалық машықтарын жоғары бағалады. Демонстрациялық емтихан нәтижелері олардың теориялық білімін практикамен ұштастыра алатынын және болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға дайын екендігін көрсетті.

Прокрутить вверх