My CMS

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында сенбілік өткізілді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 1 қарашадағы №04-10/3870-И хатына сәйкес, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 2025 жылдың 11 қазан күні Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінде сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында колледж ұжымы мен студенттер оқу орнының аумағын қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеп, жасыл желектерді ретке келтірді. Бұл шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және таза, жайлы орта қалыптастыру болып табылады.

Прокрутить вверх