My CMS

«ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖАС МАМАН ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ РӨЛІ

Каримов Уткиржон Сунатиллаевич —    Педагог-сарапшы, Арнайы пән оқытушысы, «Дәнекерлеу ісі, құрылыс және жалпы кәсіптік  пәндері» оқу әдістемелік бірлестігі жетекшісі.

Аңдатпа. Мақалада кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жас маман педагогтердің кәсіби қалыптасуы, білім беру үдерісіндегі орны мен рөлі қарастырылады. Қазіргі еңбек нарығы жағдайында білікті жұмысшы кадрларды даярлауда жас педагогтердің инновациялық әлеуеті, цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері және өндірістік оқытумен сабақтастығы талданады. Дәнекерлеу ісі саласында білікті мамандар даярлауда жас педагогтердің өндірістік тәжірибесі, заманауи  технологияларын меңгеруі және практикалық оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіндіктері талданады. Сонымен қатар дуальды оқыту жүйесін іске асыру, өндірістік шеберханалармен байланыс және жас педагогтердің кәсіби қалыптасу мәселелері айқындалады.

Түйін сөздер: жас маман педагог, техникалық колледж, кәсіптік білім беру, кәсіби қалыптасу, дуальды оқыту, педагогикалық құзырет.

Кіріспе. Қазіргі жахандану жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қойылатын талаптар түбегейлі өзгеруде. Өндірістің автоматтандырылуы, жаңа технологиялардың енгізілуі және еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы кәсіби білім беру ұйымдарынан икемді, білікті және құзыретті мамандар даярлауды талап етеді. Осы үдерісте педагог кадрлардың, әсіресе жас маман педагогтердің рөлі айрықша.

Қазіргі таңда дәнекерлеу ісі саласы қарқынды дамып, дәнекерлеу ісі күрделенуі, электронды басқару жүйелерінің енгізілуі және экологиялық талаптардың күшеюі білікті мамандарға сұранысты арттыруда. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 07150500 — Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша оқытудың сапасын арттыру өзекті мәселе болып табылады.

Бұл үдерісте жас маман педагогтердің рөлі ерекше. Олар дәнекерлеу ісі заманауи жаңалықтарды меңгерген, өндірістік технологияларды оқу үдерісіне енгізуге қабілетті мамандар ретінде колледждердің кадрлық әлеуетін нығайтады.

Жас маман педагогтер – жоғары оқу орнын енді аяқтаған, заманауи білім мен жаңа әдістемелерді меңгерген, кәсіби қызметке бейімделу кезеңіндегі мамандар. Олардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану техникалық колледждердің даму сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан жас педагогтердің кәсіби қалыптасуын ғылыми тұрғыда зерделеу өзекті мәселе болып табылады.

Жас маман педагог ұғымы және оның кәсіби ерекшеліктері. Ғылыми әдебиеттерде «жас маман педагог» ұғымы еңбек өтілі 3–5 жылға дейінгі, педагогикалық қызметін жаңа бастаған маман ретінде қарастырылады. Бұл кезең педагогтің кәсіби бейімделуімен, әдістемелік тәжірибе жинақтауымен және педагогикалық шеберліктің қалыптасуымен сипатталады.

07150500 — Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша жас маман педагогтер теориялық пәндермен қатар өндірістік оқыту мен зертханалық-практикалық сабақтарды жүргізеді. Олардың кәсіби қызметі келесі ерекшеліктермен сипатталады:

  • Электргазымен дәнекерлеу мен агрегаттарын меңгеру;
  • Электр доғалы дәнекерлеу және кесу және цифрлық технологияларды қолдану» жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Балқытылған электродпен қолмен доғалык дәнекерлеу бойынша дайындық жумыстарын жургізу;
  • еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық талаптарды сақтау.

Жас педагогтердің бұл бағыттағы кәсіби дайындығы студенттердің нақты өндірістік дағдыларын қалыптастыруда шешуші мәнге ие.

Техникалық колледждердегі жас педагогтердің ерекшелігі – олардың кәсіби пәндерді оқытуымен қатар өндірістік технологияларды меңгеруі. Олар теория мен практиканы ұштастыруға, заманауи жабдықтармен жұмыс істеуге және студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған қызмет атқарады.

Техникалық колледждегі білім беру үдерісіндегі жас педагогтердің рөлі. Жас маман педагогтер білім беру үдерісіне жаңашыл көзқарас енгізеді. Олар:

  • цифрлық білім беру ресурстарын;
  • интерактивті оқыту әдістерін;
  • қашықтан және аралас оқыту формаларын;
  • симуляторлар мен виртуалды зертханаларды қолдануға бейім.

Бұл әдістер студенттердің пәнге қызығушылығын арттырып, практикалық дағдыларды тиімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жас педагогтер дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыруда белсенділік танытып, өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайтады.

07150500 — Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша жас педагогтер оқу үдерісіне инновациялық әдістер енгізеді. Атап айтқанда:

  • Технологиялық процеске сәйкес қорғаушы газдар ортасында балқымайтын электродпен қолмен доғалы дәнекерлеу арқылы оқыту;
  • Технологиялық процеске сәйкес плазмалық, лазерлік дәнекерлеу және кесу операцияларын қолдану;
  • Виртуалды тренажерлар мен цифрлық симуляторлар пайдалану;
  • Өндірістік кейстерге негізделген тапсырмалар беру.

Бұл тәсілдер студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, дәнекерлеу кәсіпорындарда жұмыс істеуге бейімдейді.

Жас маман педагогтердің кәсіби қалыптасу мәселелері. Жас педагогтердің кәсіби қызметінде бірқатар қиындықтар кездеседі. Олардың қатарында:

  • педагогикалық тәжірибенің жеткіліксіздігі;
  • оқу-әдістемелік құжаттамамен жұмыс істеудегі қиындықтар;
  • оқу жүктемесінің көптігі;
  • өндірістік оқыту талаптарының күрделілігі бар.

Бұл мәселелер жас маманның кәсіби тұрақтануына әсер етіп, кей жағдайда педагогикалық қызметтен кетуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан жас педагогтерді қолдау жүйесін ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Тәлімгерлік жүйе – жас педагогтерді қолдаудың тиімді тетігі. Тәлімгерлік (менторлық) – жас маман педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін маңызды механизм. Тәжірибелі педагогтің әдістемелік көмегі жас маманның кәсіби сенімділігін арттырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына ықпал етеді.

Тәлімгерлік жүйе арқылы:

  • сабақ жоспарлау дағдылары қалыптасады;
  • өндірістік оқытуды ұйымдастыру жолдары меңгеріледі;
  • педагогикалық мәдениет дамиды;
  • кәсіби құндылықтар қалыптасады.

Жас педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту жолдары. Жас маман педагогтердің кәсіби дамуы үздіксіз білім алу қағидасына негізделуі тиіс. Негізгі даму бағыттары:

  • біліктілікті арттыру курстары;
  • өндірістік тағылымдамалар;
  • әдістемелік семинарлар мен шеберлік сабақтары;
  • педагогикалық инновацияларды меңгеру.

Бұл бағыттар жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, техникалық колледждегі білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Жас маман педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін:

  • Дәнекерлеу кәсіпорындарінде өндірістік тағылымдамадан өту;
  • заманауи дәнекерлеу курстарына қатысу;
  • тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлерімен тәлімгерлік жүйені дамыту;
  • WorldSkills стандарттарын оқу үдерісіне енгізу ұсынылады.

Бұл шаралар дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды. Техникалық колледждердегі жас маман педагогтер – кәсіби білім беру жүйесінің стратегиялық ресурсы. Олардың инновациялық әлеуеті, өндірістік оқытумен байланысы және студенттермен тиімді педагогикалық қарым-қатынасы білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың маңызды факторы болып табылады. Сондықтан жас педагогтердің кәсіби қалыптасуын қолдауға бағытталған жүйелі шаралар білім беру сапасын арттырудың негізгі кепілі болып саналады.

07150500 — Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша техникалық колледждерде жас маман педагогтер білікті техник-механик кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарады. Олардың өндірістік тәжірибесі, заманауи дәнекерлеу технологияларын меңгеруі және практикалық оқытуды ұйымдастыру қабілеті еңбек нарығына бейімделген мамандар даярлаудың негізгі факторы болып табылады. Сондықтан жас педагогтерді қолдау мен кәсіби дамыту жүйесін жетілдіру – білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбдіқалиев С. Кәсіптік білім беру педагогикасы. – Алматы: Білім, 2021.
  2. Баймұратов Б. Педагогикалық шеберлік негіздері. – Алматы, 2020.
  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2023.
  4. Сманов Е. Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі // Кәсіптік білім. – 2022. – №4.
  5. WorldSkills Kazakhstan. Дәнекерлеу ісі құзыреттілігі стандарттары. – 2022.

 

Прокрутить вверх