My CMS

ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ӨТУДЕ

«Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-да 11-241 және 11-242 топтарының «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша білім алушылары демонстрациялық емтихан тапсыруда.
Аталған емтихан WorldSkills стандарттарына сай өткізіліп, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін тәжірибе жүзінде бағалауға бағытталған. Емтихан тапсырмалары үш негізгі модульден тұрды:
1а – Құбырды сынауды басқару
2а – Пластинаны сынауды басқару
3а – Т- тәрізді дәнекерлеуді басқару
Студенттер әрбір тапсырманы жоғары деңгейде орындап, білім мен дағдыларын сәтті көрсете білді. Атап айтқанда, қауіпсіздік техникасын сақтау, дәнекерлеу жабдықтарымен жұмыс істеу және сапалы тігіс жүргізу талаптары толық орындалды.
Бұл емтихан студенттердің өндірістік ортаға дайын екенін дәлелдейтін маңызды кезең болып табылады. Колледж оқытушылары мен өндірістік шеберлер студенттердің жетістіктеріне оң баға беріп, олардың болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасатынына сенім білдірді.
 
Прокрутить вверх