Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжде болашақ автоэлектриктер кәсіби шеберліктерін көрсетті
2025 жылдың 24.06-25.06 күндері Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжде «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығы бойынша 3W07161302 – Автокөлік электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик біліктілігіне сәйкес демонстрациялық емтихан өткізілді.
Емтихан WorldSkills стандарттарына сай ұйымдастырылып, студенттердің кәсіби құзыреттілігі, практикалық дағдылары мен техникалық білімдерін нақты өндірістік жағдайға жақын ортада көрсетуі мақсат етілді.Студенттерге нақты тапсырмалар беріліп, оларды орындау барысында:
- Автомобильдің техникалық күйін анықтау,
- Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізу,
- Қауіпсіздік техникасы мен сапа стандарттарын сақтау талаптары бағаланды.
Емтихан қорытындысы бойынша комиссия студенттердің кәсіби даярлық деңгейін бағалап, біліктілік талаптары сәйкестігін анықтады.

-


- \









