My CMS

Демонстрациялық емтихан – кәсіби шеберліктің айқын көрсеткіші

«07161600 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі» біліктілігіне арналған демонстрациялық емтихан сәтті өткізілді.

Емтиханның негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдану деңгейін анықтау, кәсіби құзыреттіліктерін бағалау және еңбек нарығы талаптарына сәйкес білікті маман даярлау.

Демонстрациялық емтихан барысында бітіруші түлектер ауыл шаруашылығы техникасын басқару, техникалық қызмет көрсету, ақауларды анықтау және оларды жою, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау бағыттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарын тиімді пайдалану, агрегаттарды дұрыс реттеу және өндірістік процестерді сапалы орындау дағдыларын көрсетті.

Емтиханды тәжірибелі сарапшылар мен өндіріс өкілдері бағалап, білім алушылардың кәсіби дайындық деңгейіне оң баға берді. Барлық бітіруші түлектер берілген тапсырмаларды сәтті орындап, өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдей білді.

Демонстрациялық емтиханның нәтижесі білім алушылардың заманауи өндіріс талаптарына сай даярланғанын және ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етуге дайын екендігін көрсетті.

Колледж ұжымы барлық бітіруші түлектерді демонстрациялық емтиханды сәтті аяқтауымен құттықтап, алдағы еңбек жолында мол жетістіктер мен кәсіби табыс тілейді.

Прокрутить вверх