
“Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж” МКҚК студенттері өз мамандықтары бойынша кәсіптік тәжірибеден өтуде. Атап айтқанда, студенттер ЖШС «Теміртас» және ИП «Mobile Market» кәсіпорындарында тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда.
Кәсіптік тәжірибе барысында білім алушылар заманауи жұмыс барысымен танысып, кәсіби шеберліктерін дамытып, еңбекке деген жауапкершіліктерін арттыруда. Әр студент өз мамандығына деген қызығушылығын көрсетіп, болашақ кәсіби маман ретінде тәжірибе жинақтауда.
Осындай тәжірибелер студенттердің біліктілігін арттырып қана қоймай, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.


