
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы
«Д. Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-нында өткен «Аспан мен Жер» өңірлік шығармашылық форумы мен
«Киім технологиясы саласында дуальды оқытудың тиімділігі» аймақтық семинары ортақ мақсатта – өнер мен еңбектің, білім мен тәжірибенің үйлесімін паш етті. «Аспан мен Жер» — бұл адамдардың мереке, шығармашылық, достық пен сүйіспеншілік рухында бірігуі.
Шараның мақсаты:
- Адамның ішкі әлеуетін ашу, қонақтарды әлем халықтарының, қолөнер және шығармашылық дәстүрлерімен таныстыру.
- Киім технологиясы мамандығы бойынша дуальды оқытудың тиімді тәжірибесін тарату, өндіріс пен колледж арасындағы әріптестікті нығайту және студенттердің еңбек нарығындағы сұранысын арттыру.
Қатысушылар:
Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары,
арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Олар оқу мен өндірістің өзара байланысын талқылап, дуальды оқыту жүйесінің тиімді тұстарымен бөлісті.

Колледждің әлеуметтік серіктестермен кездесу:
Семинар барысында қатысушылар колледждің серіктес кәсіпорындары –
ЖК «Хантекс», «Nemat», «АХБК» тігін фабрикаларының жұмысымен танысып, жас мамандардың өндірістегі тәжірибесін және жетістіктерін тамашалады.
Сән көрсетілімі – “Earth and Sky” (Аспан мен Жер)
Киім технологиясы мамандығының студенттері өз қолымен тіккен
ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін ұсынды.
Бұл дефиле – шығармашылық шабыт пен кәсіби шеберліктің үйлесімін көрсетті.
Ортақ идея:
«Аспан мен Жер – өнердің кеңістігі,
Дуальды оқыту – еңбектің өрісі.
Шығармашылық пен тәжірибе тоғысқанда –
болашақтың бағыты айқындалады!»
Қорытынды:
Бұл іс-шара – шығармашылық пен кәсіптің,
өнер мен еңбектің тоғысында жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды бастама болды. Өнер – рухани дамудың тірегі,
еңбек – кәсіби кемелденудің кепілі!
