My CMS

Токарь біліктілігі бойынша демонстрациялық емтихан өтті

Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінде болашақ токарь мамандары демонстрациялық емтихан өтті
Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінің 3W07150301 – «Токарь» біліктілігі бойынша білім алушы студенттері 2025 жылғы 25-26 маусым айында демонстрациялық емтихан тапсырды.

Емтиханның мақсаты – студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын кәсіби стандарттар негізінде бағалау. Бұл кезеңде білім алушылар токарлық жұмыстарды орындап, сызбалармен жұмыс жасау, өлшем дәлдігін сақтау, технологиялық реттілікті сақтау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша шеберліктерін көрсетті.

Емтихан WorldSkills стандарттарына сай ұйымдастырылып, тапсырмаларды орындау сапасы нақты бағалау критерийлері негізінде сарапталды.
Нәтижесінде, студенттер өздерінің кәсіби дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, болашақ еңбек жолына сенімді қадам жасады.

Прокрутить вверх