«Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК оқу өндірістік шеберханасында
07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету. жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша ІІ-ІІІ курс студенттері арасында WorldSkills облыстық чемпионатына колледжішілік іріктеу өткізілді.
Аталған байқауға, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік шеберлері қатысып өздеріне берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, білім деңгейін жан-жақты көрсетуге күш салды.
Байқаудың мақсаты:
• Кәсіби автомеханиктердің біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және автомобиль жөндеу саласында үздіктерді анықтауға бағытталған жыл сайынғы іс-шара. Бұл байқау студенттердің шеберлігін көрсетуге және автомобиль техникаларын жетілдіру идеяларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алдағы уақытта өткізілетін «WorldSkills Turkistan -2025» чемпионатына қатысушы студенттерді іріктеу.
Байқаудың міндеттері:
• Автомеханиктердің кәсіби шеберлігін анықтау және марапаттау.
• Автомобиль жөндеу саласындағы заманауи технологиялар мен құралдарды қолдануды ынталандыру.
• Жастардың автомеханик мамандығына деген қызығушылықты арттыру.
• Еңбек нарығында жоғары білікті мамандарды даярлау.
Қатысушылар 3 модуль бойынша байқауда бақ сынасты.
1 — модуль. Shevrolet Cobalt автокөлігінің қозғалтқышын бөлшектеу және жинақтау.
2 — модуль. Opel Vectra автокөлігінің беріліс қорабының ақауларын табу.
3 — модуль. Daewoo Neksia автокөлігіне Launch Х431pro автосканермен диагностика жасау.
Байқауда сарапшылар тобы төрелік жасап әділ бағаларын берді.
Байқауда келесі бағалау критерийлері бойынша бағаланды:
• Жұмыстың сапасы мен орындалу жылдамдығы.
• Құралдарды тиімді пайдалану.
• Қауіпсіздік техникасын сақтау.
• Шығармашылық көзқарас және заманауи технологияларды қолдану
Аталған байқауға, студенттер қатысып өздеріне берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, білім деңгейін жан-жақты көрсетуге күш салды.
Worldskills чемпионатына колледжішілік іріктеу – кәсіби автомеханиктер үшін өз шеберлігін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және автомобиль жөндеу саласындағы озық тәжірибелерді насихаттауға тамаша мүмкіндік. Бұл шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, жаңа буын автомеханиктерді даярлауға ықпал етеді.