Бүгін “Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж “ МКҚК директоры, т.ғ.к., С.И.Айкозов бастаған колледж қызметкерлері Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында орналасқан «Tashkent International University» атқарушы директоры Искандара Юлдашевпен,«Global Sapa», халықаралық акридиттеу құрылтайшысы Шингужинова Тлеулес Сайхатанқызының үйлестіруінде үш жақты ынтымақтастық шарты жасалды.
Ынтымақтастық шарттың мақсаты:Меморандум тараптардың білім беру қызметтерін көрсету саласындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға, кәсіптік және техникалық оқыту бағдарламаларын жетілдіруге, сондай-ақ білім беру саласындағы тәжірибе мен озық тәжірибе алмасуға бағытталған.
ҚОРЫТЫНДЫ: Колледжбен университет арасындағы өзара ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруда әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету.
Кездесу барысында 2025/2026 оқу жылында колледж оқытушыларымен оқу шеберлерін Ташкент қаласындағы озық лицей, колледждермен техникумдарға оқу тәжірибеге тарту, 2025/2026 оқу жылында жопсарлы бітуші түлектерді интернацинализациялауда университетке оқуға шақыруға бағытталған кешенді жұмыстарды жүргізу, білім беру бағдарламаларын айқындау және білім сапасын арттыру бойынша бірлескен оқу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ынтымақтастық жасасқан тараптар 2025/2026 оқу жылына арналған бірлескен кешенді жоспарды бекітуге келісті.