«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Бизнес стартап» жобалар байқауы 2025 жылдың 21 мамыр күні Кентау политехникалық колледжінің базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Аталған байқауға «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-ның дарынды студенттері Азадбекова Шахзода мен Гапиржанова Севинч қатысып, өздерінің тың идеялары мен білімдерін ортаға салып, «StartUp» жобалар байқауының І кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Көрсеткен жоғары нәтижелерінің арқасында олар ІІ кезеңге қатысуға жолдама иеленді. Екінші кезең 2025-2026 оқу жылының қараша айында өткізіледі деп жоспарлануда.
Байқауға белсенді қатысып, жетістікке жеткен студенттеріміз Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Қасымбекова тарапынан марапатталды.
Жобаның жетекшісі – арнайы пән оқытушысы Абдиганиева Мафтуна.
Студенттерімізге келесі кезеңде де сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!