15.09.2023 жыл Түркістан облысының білім басқармасының "Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі"МКҚК-де 5- қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай колледж студенттері тарапынан «Тілім-менің тірегім» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Білім алушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту;
- «Тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін баршаға таныта отырып, білім алушыларды туған халқының тілін қастерлей білетін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу;
- Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
- Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Орындағандар: А.Мухитдинов, Д.Абдуллаева, С.Юлдашова, М.Абдиғаниева.