«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі»МКҚК-де кітапхана оқу залында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында «Кітаптан жұлдыз жауған» тақырыбында дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты - Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.