15.06.2022 жыл Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі"МКҚК-нің мәжілістер залында "Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.Сарыбеков, Түркістан облысы "Кәсіпкерлік палатасы"Сайрам ауданы филиалының директоры Г.Байболов, Сайрам ауданының "Жастар ресурстық орталығы" МКК-нің инспекторы Р.Бекбосынов, колледждің әлеуметтік серіктестері және колледж бітірушілері қатысуы мен "Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі бітірушілерді еңбек нарығының сұранысына сай жұмысқа орналастыру" тақырыбында жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
- Жұмыс берушілер мен колледж арасындағы тұрақты жүйелік байланыстың орнауы негізінде мамандандырылған қоғамдастықты ұйымдастыру.
- Жас ұрпақ бүгінгі өзгермелі заман ағымына ілесіп, бейімделуі үшін жағдай жасау, Мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлікке тарту, жұмыссыздықтың санын азайту.
https://youtu.be/qEtLdjRLbt8