Жаңалықтар

Жаңалықтар

2023-09-22

21.09.2023 жылы Түркістан облысының білім басқармасының "Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі" МКҚК-да Түркістан облысының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері - Айжан Мадиханқызы мен «Бүгінгі ҚЫЗ ертеңгі АНА» тақырыбында ҚЫЗДАР КЕҢЕСІ өтті. Аталған шара ерте жүктіліктің алдын алу, құқықбұзулықтың алдын алу және қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік сияқты жан-жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру мақсатына бағытталды. Игі шарада Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Аталмыш шара бұдан бөлек аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастардың психологиялық сауатын арттыруға арналды. Шара соңы сергіту сәті мен психотерапиямен жалғасты. Ауқымды шараға "Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі"-нің 100-ге жуық қыздары қатысты.

2023-09-22

2023-09-22

15.09.2023 жыл Түркістан облысының білім басқармасының "Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі"МКҚК-де 5- қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай колледж студенттері тарапынан «Тілім-менің тірегім» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: - Білім алушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту; - «Тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін баршаға таныта отырып, білім алушыларды туған халқының тілін қастерлей білетін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу; - Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру; - Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Орындағандар: А.Мухитдинов, Д.Абдуллаева, С.Юлдашова, М.Абдиғаниева.

2023-06-20

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Д. Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж МКҚК ағымдағы жылдың 23 маусымынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз! Ішкі талдау жұмыстары 23 маусым – 07 тамыз аралығында жүргізіледі. Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз. Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз. Байланыс: +77785006338 Эл.почта: konaev25@mail.ru

2023-05-18

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі»МКҚК-де кітапхана оқу залында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында «Кітаптан жұлдыз жауған» тақырыбында дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты - Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру . Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.