
Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқу-өндірістік базасында 07320700 – «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» мамандығының 3W07320702 – « өткізілді.
Демонстрациялық емтиханның негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын және еңбек нарығы талаптарына сай кәсіби дайындық деңгейін бағалау.
Емтихан барысында студенттер жол-құрылыс машиналарын басқару, техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау, өндірістік тапсырмаларды орындау және арнайы техникаларды тиімді пайдалану бойынша өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
Аталған емтиханға колледждің 23 білім алушысы толық қатысып, белгіленген тапсырмаларды сәтті орындады. Қатысушылар өздерінің кәсіби даярлықтарының жоғары деңгейде екенін дәлелдеп, болашақ маман ретінде қажетті тәжірибелік дағдыларды меңгергендерін көрсетті.
Демонстрациялық емтихан нәтижелері білім алушылардың алған білімдерінің сапасын айқындап қана қоймай, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.
Колледж ұжымы барлық қатысушыларды емтиханды сәтті тапсыруымен құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тілейді!


