«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауымен және «Жастар рухы» ЖҚ Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «AMANAT AQYLMAN» атты аудандық деңгейдегі интеллектуалды ойын өтті.
Аталған ойында «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-ның белсенді ұстаздары мен студенттерінен құралған «Бірлік» командасы да өз білімдерін сынады.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық жауапкершілігі жоғары, интеллектуалдық деңгейі биік, рухани дүниесі бай, эстетикалық және әлеуметтік тұрғыда дамыған ұтқыр тұлғаны қалыптастыру, партия идеологиясын ілгерілету, партиялық кадрлық резервті жасақтау.
Интеллектуалды ойынға белсенді қатысқаны және жоғары дайындық көрсеткені үшін «Бірлік» командасы «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ. Сыдықовтың Алғыс хатымен марапатталды.