#ДҚОНАЕВ_атындағы_аграрлық_техникалық_колледжі #ТҮРКІСТАН_ОБЛЫСЫ_БІЛІМ_БАСҚАРМАСЫ — 01. 05. 2024 СЕНБІЛІК - ИГІ ДӘСТҮР Бүгін Д. Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж қоршаған ортаны тазалық пен тәртіпті қалпына келтіретін мамыр айының алғашқы күні жалпы “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” экологиялық акциясы аясындағы “ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ” апталығы ұйымдастырылды. МАҚСАТ: жастардың бойында тазалық мәдениетін қалыстастыру. БАРЫСЫ: Сенбілікке дейін аумақты жалпы тазалау бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Әр топқа жауапты жетекшілері көрсетілген учаске тағайындалады. Биылғы жылы ауа-райы да ешкімнің көңіл-күйін бұзбады, тек сенбілікке қатысушылардың барлығына жағымды әсер қалдырды. Студенттер белгіленген аумақты таза күйге келтірді: - қоқыстарды жинады, аумақты бұтақтар мен құрғақ жапырақтардан тазартты, ағаштар мен шекараларды әктеді. ⚡️Бүгінгі күн тазалық пен тәртіпті қалпына келтіру болса, сенбілік – ұрпақты біріктіретін игі дәстүр үлгісі болды. #Таза_қазақстан #түркістан_облысы_білім_басқармасы #дқонаев_колледжі
Читать далее
#ДҚОНАЕВ_атындағы_аграрлық_техникалық_колледжі #ТҮРКІСТАН_ОБЛЫСЫ_БІЛІМ_БАСҚАРМАСЫ ✍️Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан «Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледж» ЖШС базасында Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-ның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 30-сәуір күні сағат 10:00-де «Топ жетекшілерінің тәрбиелік іс-әрекетінің өзекті бағыттары» тақырыбында ақпараттық семинар болып өтті. Семинарға "Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі" МКҚК-ның тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Р.Абдусаметов пен топ кураторлары қатысты.
Читать далее