09.01.2025ж. Тәрбие жоспарына сәйкес Тігінші 9-242 тобында топ жетекшісі Мусаева С. «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында топ сағатын өтті.
Жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін басты кедергілердің бірі. Бұл әлеуметтік дерт әділетсіздікке, теңсіздікке және экономикалық қиындықтарға алып келеді. Сондықтан біз, жастар, жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруымыз қажет.
Топ сағатында студенттер:
Жемқорлықтың себептері мен салдарын талқылады.
Жемқорлыққа қарсы күрес жолдарын қарастырды.
Әділеттілік пен адалдықтың маңыздылығын түсінді.
Сабақ барысында студенттер топтық жұмыс жасап, ситуациялық мәселелерді шешіп, «Жемқорлықсыз болашақ – біздің таңдауымыз!» тақырыбында шығармашылық постерлер дайындады. Олар адалдықтың қоғамдағы рөлін терең түсініп, әділетті қоғам құруға бағытталған өз ұсыныстарын білдірді.
Біз әрбір студентке «Адалдық ағашына» өз ойларын жазып, болашақтағы әділетті қоғамның негізін қалауға өз үлестерін қосуға мүмкіндік бердік.
Жемқорлықсыз болашақ – біздің қолымызда! Әркім өз орнында адал болып, әділеттілікті сақтаса, қоғамымыз жақсаратыны сөзсіз.