Д. Қонаев атындағы аграрлық -техникалық колледжі
Ауыл-шаруашылық бөлім меңгерушісі Б. Нартаев
Тақырып: Құзыреттілік орталықтың жылдық жұмыс жоспарын талқылау.
Құзыреттілік орталығының өз алдына қойған мақсат — міндеттері:
Түркістан облысының білім басқармасының 14.11.2022 жылғы №367 бұйрығына сәйкес «Д. Қонаев атындағы аграрлық -техникалық колледжінде»
“Жас маман” жобасы аясында құзыреттілік орталығы құрылды.
Мақсаты:
- Құзыреттілік орталығының жұмысын ұйымдастыру, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және жетілдіру үшін инновациялық жағдай жасау;
- Орталық комитетінің ауыл-шаруашылығын механикаландыруды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру.
- Agroskilis Халықаралық стандартына сәйкестендіру. Құзыреттілік орталықтың ауыл-шаруашылығын механикаландыру мамандығымен жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру.
Міндеті:
Оқытудың шығармашылық сипатын күшейту және мақсатты білім беру. Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен дүниеде даралануына білімді, жігерлі, сапалы білім алған құзыретті бәсекелестіктің мықты жұмыстарына төтеп бере алатын маман дайындап шығару.
Күтілетін нәтиже:
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инновациялық дамуы мен жетілуі.
- Оқытудың шығармашылық сипатының күшеюі және мақсатты білім алуы.
- Қазақстан әлемінің дамыған елдерімен дүниеде даралануына білімді, жігерлі, сапалы білім алған құзыретті бәсекелестіктің мықты жұмыстарына төтеп бере алатын мамандарды дайындау.
09.09.2024ж Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінде
Жас маман жобасы аясында құзыреттілік орталығының кезектегі жиналысы болып өтті жиналысқа Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінің
оқу — өндірістік директор орынбасары А.Раимқулов, ауыл-шаруалығы бөлім меңгерушісі Б. Нартаев және колледж ауыл шаруашылығы оқу әдістемелік бірлестіктің мүшелері жиналысқа қатысты.
Жиналыста 2024-2025 оқу жылына жоспарланған құзыреттілік орталықтың жылдық жұмыс жоспары талқыланды.