My CMS

БІЗ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ ВЕКТОРЫН БЕЛГІЛЕДІК

БІЗ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ ВЕКТОРЫН БЕЛГІЛЕДІК

Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы — тарих ғылымдарының кандидаты.

“Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж” МКҚК директоры.

 

ТАҚЫРЫПҚА КІРІСПЕ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел экономикасы мен әлеуметтік өміріне кезекті серпіліс кезеңіне бағыт берді. Себебі, еліміз дамудың жаңа бағдарын белгіледі.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ. Жаңа бағдар қоғамның бар саласын қамтиды. Әр сала өзінің даму траекториясын қалыптастыруда.

2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялануы еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыда жаңа реформалу үрдісін қамтамасыз етуде. Осы орайда «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК-ның басты ұстанымы 3 қағидатты өзгеріске негізделген. Олар;

— Колледжде институтционалды ортаны қалыптастыру;

— «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша Түркістан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйыдарының құзыреттілік орталығына айналу;

— Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдардың сертификаттауы мен аккредиттеуден өт­у.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының  Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды – деп аталатын бесінші бағытын негізге ала отырып, колледждің бағытын, мақсаттарын, міндеттерін, нысаналы индикаторларын, іс-шараларын және нәтижелік көрсеткіштерін анықтаумен қатар Сапа саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 2024-2029 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Түркістан облысы білім басқармасымен бекітілді.

Стратегиялық жоспардың негізгі басымдықтары мынадай бағыттарды қамтиды.

Бірінші бағыт; Колледжде білім беру бағдарламаларын енгізу модульдік және кредиттік-модульдік оқыту технологиялары бойынша жүзеге асырылады, олар болашақ мамандардың салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға, WorldSkills стандарттарына сәйкес келетін негізгі және кәсіптік құзыреттерін дамытуға бағытталған, сондай-ақ еңбек нарығының қажеттіліктерін және студенттердің білім беру қажеттіліктерін қанағаттандырады.

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК-ны бүгінгі таңда, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» Түркістан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйыдарының құзыреттілік орталығы әрі «Жас маман» жобасының иегері болып табылады.

Екінші бағыт; Колледждің жетекші жұмыс берушілермен оқу мәселелері бойынша ынтымақтастығын есепке алатын бағдарламаларды, әдістемелік материалдарды әзірлеу.

Үшінші бағыт; Даму  бағдарламасының жобалар портфелі. Демонстрациялық емтихан механизм ретінде бітіруші түлектердің кәсіби даярлық сапасын тәуелсіз бағалау.

Төртінші бағыт; Колледжде өндірілген өнімдерді коммерцияландыру моделі. «Субөнімдерін өңдеу», «Мал ұрығын сұрптау », «Таңдап өсіру» шағын кәсіпорындарын құру.

Бесінші бағыт; Жоғары технологиялық ресурстық орталық құру. Орталық колледждің инновациялық қызметімен дамуы WorldSkills стандарттарын енгізу барысында жоғары технологиялық білім беру жүйесін құру. Колледждің ресурстық орталығы базасында «AgroSkills — 2025» чемпионатын ұйымдастыру.

Алтыншы бағыт; Желілік негізде ерте кәсіптік бағдарлау моделін іске асыру.

Жетінші бағыт; Білім беру қызметтері нарығындағы колледждің бәсекеге қабілеттілігін дамтудағы Халықаралық ынтымақтастық. SEPR GROUPE (Германия)  білім орталығы және Франция білім академиясы меморандумдар жасалып, кәсіби сертификаттау орталығы  ГЕМПВХ директоры Томас Зинерман   Frankfurt am Main (Германия) қаласында көшпелі семинар ұйымдастырып нәтижісінде  07150500 Дәнекерлеу ісі, 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандықтары Халықаралық аккредиттеу кезеңі ұйымдастырылуда.

Қорытынды. Әр колледждің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ бүгінде «өз бойында» болмау және қазіргі тенденцияларды ескеру өте маңызды. Себебі, колледж — белгілі бір компаниялар үшін ертеңгі мамандарды тәрбиелеуге көмектесетін провайдер.

 

Прокрутить вверх