My CMS

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының іске асыру моделі.

Абдусаметов Рустам Ихтиярович

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж»

МКҚК директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

                     Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, колледж бен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Колледждердегі біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады, – деді Ғани Бейсембаев.

            Кіріспе. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты  білім беру. Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі , дарындылық іс — әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болары сөзсіз. рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана – баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бар – тіршілік иесі екенін және дүние, әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз.Балаға қоғамда ұлттық тәрбие беру керек. Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі ең негізгі құрал болып саналады.Сондықтанда бабаларымыз: Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, — сонда ғана оның болашағы биік деген.

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

Биылғы оқу жылында колледжімізде біртұтас тәрбие жоспары аясында іс шаралар ұйымдастырылуда: атап айтсақ «ОН АЙҒА  10 ІС-ШАРА» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ негізінде балалардың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қыркүйек айында  «Сергіту сәті» челленджі, білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында қазан айында «Әнұран айту» челленджін І-курс  жетекшілері Нигора Исамтаева, Насиба Наралиева, Собиржан Исмаилов ұйымдастырды, сонымен қатар  өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған болатын, осы мақсатта 17 қараша күні дене шынықтыру мұғалімдер І-курс  студенттер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды және де ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жоспарға сәйкес Сухраб Абдиваитовтың ұйымдастыруымен топта  Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында «Адалдық — адамдықтың белгісі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Қорытындылай келе, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру, сезімін ояту біздің басты мақсатымыз. Яғни, бірлескен жұмыстың нәтижесі болмақ. Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді сақтау дегеніміз  ұлттық сананы сақтау. Тәрбие – бұл көпжақты, үздіксіз, қоғамдық құбылыс. Сондықтан болашақ ұрпақ тәрбиесіне біртұтас ел болып ат салысу басты парызымыз!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біртұтас тәрбие бағдарламасы Астана 2023 жыл;
  2. Мырзадияр Айнаш Біртұтас тәрбие бағдарламасы: ұлттық құндылықтар https://bilimger.kz/147162/
Прокрутить вверх