«Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандығының «Электрогазымен дәнекерлеуші» біліктілігі бойынша бітіруші курс студенттері демонстрациялық емтиханнан өтті.
Демонстрациялық емтихан барысында білім алушылар өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, өндірістік тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби құзыреттерін көрсетті. Емтихан барысында дәнекерлеу жұмыстарының сапасы, қауіпсіздік техникасын сақтау, жабдықтарды дұрыс пайдалану және жұмысты белгіленген талаптарға сәйкес орындау деңгейі бағаланды.
Қуанышты жаңалық – барлық бітіруші түлектер демонстрациялық емтиханды сәтті тапсырып, өздерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.
Бұл – студенттердің қажырлы еңбегінің, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының сапалы жұмысының нәтижесі.

Барлық түлектерді маңызды белеспен құттықтай отырып, алдағы еңбек жолдарында табыс, кәсіби жетістіктер және биік белестер тілейміз!

