My CMS

Теориядан тәжірибеге: Аспаз  9-241 тобы қорытынды емтиханнан жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылғы 23–26 маусым аралығында «Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 10130300 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алатын Аспаз 9-231 тобының студенттері 3W10130302 – «Аспазшы» біліктілігі бойынша қорытынды демонстрациялық емтиханнан өтті.

Демонстрациялық емтихан CIS (Competence Information System) бағалау жүйесі негізінде ұйымдастырылып, WorldSkills халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес өткізілді. Аталған емтихан форматы студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін өндірістегі нақты жұмыс жағдайына барынша жақын ортада бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби шеберлігі мен практикалық дағдыларының деңгейін анықтауға бағытталды.

Емтихан төрт негізгі модуль бойынша ұйымдастырылды:

Десерт Моти

Тауық етінен стейк

Асқабақ крем сорпасы

Салатты Тарталетка

төрт күнге созылған Демонстрациялық емтихан барысында білім алушылар тағам дайындаудың заманауи технологияларын, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, уақытты тиімді жоспарлау, тағамдарды эстетикалық безендіру және жұмыс орнын ұйымдастыру сияқты кәсіби дағдыларын көрсетті. Студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде сәтті қолданып, өздерінің жауапкершілігі мен кәсіби дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді, еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтай білді.

Демонстрациялық емтихан жұмыстарына тәуелсіз сарапшылар мен бағалау комиссиясының мүшелері қатысып, студенттердің кәсіби даярлығын, аспаздық сауаттылығын, жұмыс сапасын, уақытты тиімді пайдалануын және өндірістік мәдениетін жан-жақты бағалады.

Бағалау қорытындысы бойынша Аспазшы 9-241 тобының студенттері өздерінің кәсіби білімдері мен практикалық машықтарының жоғары деңгейде қалыптасқанын дәлелдеді. Олар өндірістік міндеттерді өз бетінше орындауға, жеке және жоспарлы рецепт бойынша істеуге дайын екендіктерін көрсетті.

Қорытынды демонстрациялық емтихан – студенттердің бірнеше жыл бойы меңгерген білімдері мен тәжірибелерінің нәтижесін көрсететін маңызды кезең. Мұндай бағалау жүйесі жұмыс берушілердің талаптарына сай, бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

«Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» ұжымы Аспаз 9-241 тобының студенттерін қорытынды демонстрациялық емтиханды сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тілейді!

Прокрутить вверх