
Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінде 2026 жылғы 23–26 маусым аралығында 3W07150301 – «Токарь» біліктілігі бойынша білім алушы студенттердің демонстрациялық емтиханы өткізілді.
Демонстрациялық емтиханның негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін, теориялық білімдері мен өндірістік тәжірибеде қалыптасқан практикалық дағдыларын тәуелсіз бағалау. Емтихан барысында студенттер нақты өндірістік жағдайларға барынша жақындатылған тапсырмаларды орындап, өздерінің кәсіби дайындық деңгейін көрсетті.
Білім алушылар токарь станогында әртүрлі бөлшектерді өңдеу жұмыстарын орындап, техникалық сызбаларды оқу және талдау, бөлшектердің өлшем дәлдігін сақтау, кесу режимдерін дұрыс таңдау, технологиялық операцияларды белгіленген реттілікпен орындау, өлшеу құралдарын тиімді пайдалану және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша білімдері мен шеберліктерін дәлелдеді.
Емтихан жұмыстарын тәжірибелі сарапшылар бағалап, студенттердің әрбір операцияны орындау сапасына, дәлдігіне, уақытты тиімді пайдалануына және қауіпсіздік техникасын сақтауына ерекше назар аударды.
Демонстрациялық емтихан – жұмыс берушілердің талаптарына сай білікті мамандар даярлаудағы маңызды кезеңдердің бірі. Мұндай бағалау түрі студенттердің кәсіби құзыреттілігін объективті анықтап қана қоймай, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі өндіріс талаптарына жауап беретін, заманауи технологияларды меңгерген және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Демонстрациялық емтихан нәтижелері білім алушылардың кәсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін және олардың болашақ еңбек жолына сенімді қадам басуға дайын екенін көрсетті.
Колледж ұжымы демонстрациялық емтиханды сәтті аяқтаған барлық студенттерді құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне толағай табыс, шығармашылық ізденіс және еңбек жолында үлкен жетістіктер тілейді.

