My CMS

Автожолшылардың кәсіби біліктілігі демонстрациялық емтиханда сыналды

Д. Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінің бітіруші студенттері демонстрациялық емтихан тапсырды

07320700 – Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану мамандығы бойынша білім алып жатқан бітіруші курс студенттері демонстрациялық емтихан тапсырды.
Емтихан модульдері WorldSkills стандарттарына сай әзірленіп, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін нақты өндірістік жағдайда көрсетуге мүмкіндік берді. Студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, құрылыс жұмыстарының түрлі кезеңдерін орындау бойынша машықтарын көрсетті.


Демонстрациялық емтихан – түлектердің нақты еңбек нарығындағы талаптарға қаншалықты сай екендігін бағалауға мүмкіндік беретін заманауи формат. Бұл тәсіл жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің еңбекке орналасу мүмкіндігін арттырады.

Прокрутить вверх