Түркістан облысының білім басқармасы тарапынан жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жоспарланған іс-шаралар шеңберінде «Ер дәулеті – еңбек», «Еңбекпен ел көгерген» және «Кәсіптің қадірі – ардагер тәжірибесінде» тақырыптарында еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Түркістан облысы «Қоғамдық кеңесінің» мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ардагер Бахтияр Шамуродов бастаған бір топ еңбек ардагерлері, колледж әкімшілігі және белсенді студенттер қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жастарды еңбекке баулу, кәсіптік білімге деген қызығушылықтарын арттыру, ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері арқылы жас буынға тәрбие беру, еңбекке деген құрметті қалыптастыру.
Кездесу барысында ардагерлер еңбек жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жастарға адал еңбек ету, мамандықты дұрыс таңдау және еңбекқор болудың маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтты. Студенттер өз кезегінде ардагерлерге сұрақтар қойып, олардың өмір жолынан үлгі алды.
Бұл шара жастардың рухани және кәсіби дамуына үлкен серпін беріп, еңбекке деген сүйіспеншілікті арттырды. Осындай кездесулер студенттердің болашақ өмір жолын айқындауда үлкен рөл атқарады.