My CMS

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІК

 

«Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-ның арнайы пән оқытушысы Юлдашбеков Отабек Мураджанұлының ғылыми мақаласы халықаралық деңгейде жарық көрді.
Оқытушымыздың «Технология Кайдзен қазіргі өндірістерде» атты мақаласы 2025 жылдың 29–30 сәуірінде өткен «Халықаралық тәжірибе: Жоғары білімді трансформациялау жағдайында заманауи инженерлік бағытта интеллектуалды қабілетті кадрлар даярлау перспективалары» атты халықаралық конференция материалдар жинағында жарияланды.
Мақалада Gemba Kaizen әдіснамасының Қазақстан өндіріс саласына тигізген оң әсері мен тиімділігі нақты деректер негізінде талданған. Автор еліміздегі кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштерін арттыру және өнім сапасын жақсарту жолдарын жан-жақты зерттеген.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Gemba Kaizen әдісін енгізген қазақстандық компаниялар алғашқы жылдың өзінде өнімділікті орта есеппен 24,5%-ға арттырып, өндірістік шығындарды 20%-ға дейін қысқартуға, ал ақаулар санын 60%-ға төмендетуге қол жеткізген.
Бұл — оқытушымыздың тынымсыз еңбегі, үздіксіз ізденісі мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз! Колледжіміз сізбен мақтанады!

Прокрутить вверх