Бүгін Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Д. Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК базасында педагогтер арасында «AGROSKILLS TURKISTAN – 2025» облыстық чемпионаты өтті. Бұл чемпионат агроөндірістік салада еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымының кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және шығармашылық шеберліктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған додада колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Юлдашов Шавкатбек Абдираимович жоғары кәсібилігі мен шеберлігін көрсетіп, ІІ орын иеленді. Бұл – ұстазымыздың тынымсыз еңбегі мен білім беру саласына қосқан үлесінің жарқын көрінісі.
Ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңісіңіз құтты болсын!
Сізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу мен толағай жетістіктер тілейміз!