My CMS

«Induk University мен Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі: жаңа серіктестік бастауы»

                   

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж»МКҚК
Induk University делегациясы Түркістан облысына сапар жасады!
2025 жылғы 27 сәуірде Корея Республикасының Сеул қаласындағы Induk University өкілдері Түркістан облысы, Қарабұлақ ауылына ресми сапармен келді. Сапарды «Global Sapa» компаниясы (Астана қ.) ұйымдастырып, Қазақстанның Тәуелсіз Аккредитация Орталығы (НКЦА) және Шымкент қаласының колледж басшылары қолдау көрсетті.
Сапар мақсаты:
Induk University мен Қазақстан колледждері арасындағы әріптестікті дамыту;
кәсіби тәжірибе алмасу;
қол қойылған меморандумдарды іске асыру;
студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсыну.
Негізгі бағыттар:
Академиялық және мәдени алмасу;
Кореяда тағылымдамалар ұйымдастыру;
Бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру.
Делегация құрамында Induk University Халықаралық алмасу орталығының директоры Ли Ханна мен университет тобының жетекшісі Чон Ён Иль бар.
Сапар аясында Induk University өкілдері Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжіне барып, білім беру инфрақұрылымымен танысты және екіжақты бағдарламаларды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Induk University — Сеулдің жүрегінде орналасқан заманауи жоғары оқу орны, 32 мамандық бойынша білім береді және шетелдік студенттерге барлық жағдай жасалған.
Бұл сапар — қазақстандық колледждер мен Induk University арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі. Алда бірлескен жобалар мен халықаралық мүмкіндіктер көп болмақ!

Прокрутить вверх