My CMS

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ – БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗЫ

2025 жылы Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласы аясында білім беру жүйесіндегі адами құндылықтарды кеңінен насихаттау, ұстаз мәртебесін көтеру, сондай-ақ педагогтердің кәсіби даму жолдарын қолдау мақсатында «Жаңа Қазақстан – білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты патриоттық жоба аясында республикалық форум ұйымдастырылды.
Ауқымды іс-шара барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды, білікті, өз ісінің шебері саналатын ұстаздар бас қосып, тәжірибе алмасты. Форум аясында өткізілген «Үздік жас маман» республикалық байқауы – педагогтердің кәсіби шеберлігін анықтауға, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және инновациялық идеяларын қолдауға бағытталды.
Осы беделді байқауға «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-ның Тігінші мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Юнусметова Мухлиса Артуковна қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, барлық сынақтардан сәтті өтіп, жүлделі І орынды жеңіп алды. Бұл – тек ұстаздың емес, бүкіл колледж ұжымының жетістігі.
Юнусметова Мухлиса Артуковна – өз ісіне адал, кәсібіне берілген, шәкірт жүрегіне жол таба білетін, заманауи технологияларды меңгерген білікті маман. Ол колледжімізде талай жылдан бері еңбек етіп, білім алушыларды сапалы кәсіптік даярлықпен қамтамасыз етіп келеді. Шебердің бұл жеңісі – жас мамандардың өз күшіне деген сенімін арттырып, болашақта биік белестерге жетуге үлкен серпін беретіні сөзсіз.
Колледж ұжымы атынан ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, биік шыңдар, мықты денсаулық және толағай жетістіктер тілейміз!

Прокрутить вверх