My CMS

«Дәнекерлеу технологияларындағы инновациялар және олардың өндірістегі рөлі.


Мен, Юлдашев Фаррух Ихтиярович, Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінің дәнекерлеу ісі мамандығының өндірістік оқыту шеберімін. Өз ісімді шын жүректен сүйетін маман ретінде, дәнекерлеу саласында болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерге әрқашан қызығушылықпен қарап, оларды оқу үдерісіне енгізуге тырысамын.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың қарқынды дамуы өндіріс саласына да үлкен өзгерістер алып келді. Соның ішінде дәнекерлеу технологияларына енгізілген инновациялар өндірістің сапасын арттырып, жұмыс өнімділігін бірнеше есе жоғарылатып отыр. Бұрын қолмен орындалатын көптеген жұмыстардың орнын бүгінде автоматтандырылған және роботтандырылған жүйелер алмастыруда. Бұл – уақыт талабы.
Мысалы, лазерлік және плазмалық дәнекерлеу – металлды жоғары дәлдікпен және сапамен біріктіруді қамтамасыз етеді. Бұл технологиялар ауыр, күрделі конструкцияларда жиі қолданылады. Сонымен қатар, ультрадыбыстық дәнекерлеу де күннен-күнге кең қолданыс табуда. Ал роботты дәнекерлеу жүйелері адам еңбегін жеңілдетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл – өндірістегі заманауи шешімдердің бір көрінісі.
Өндірістік оқыту шебері ретінде менің басты мақсатым – студенттерді осы жаңа технологиялармен таныстыру, оларға тек дәстүрлі емес, инновациялық әдістермен де жұмыс істеуді үйрету. Себебі ертеңгі күні олар өндіріс орындарына барып, дәл осы технологиялармен бетпе-бет келеді. Заманауи техника мен құрал-жабдықтарда жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті маман дайындау – менің басты міндетім.
Инновациялар – болашаққа бастар жол. Біз заман ағымына сай жылжып, үнемі даму үстінде болуымыз қажет. Дәнекерлеу технологияларындағы жаңашылдықтар – бұл жай ғана құрал емес, бұл – сапа, үнем, қауіпсіздік және тиімділік. Сондықтан бұл салада әрбір жаңалыққа бейжай қарамауымыз керек.
Қорыта келгенде, дәнекерлеу саласында тоғы инновациялар тек техникалық өзгеріс емес, бұл – өндірістегі мәдениеттің, мамандықтың дамуы мен жаңаруы.

Прокрутить вверх