My CMS

Сабақ барысында қолданатын тиімді әдіс тәсілдерім.

Мен Гултораева Лалахан Гултораевна Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледждің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін. Мен сабақ барысында қолданатын тиімді әдіс – тәсілдерім туралы жазып тұрмын.
Бәріміз білетіндей, XXI ғасыр – ақпараттық технологияның және ғылымның дамыған заманы. Бүгінгі күнде мұғалімге қойылатын талаптар күннен-күнге жауапкершілікпен қоса өркендеп, алға қарай дамып келеді. Нақтырақ айтқанда, мұғалім тәуекелшіл, психолог, білікті педагог, көшбасшы, заманауи технологияны жан-жақты игеруші болуы және сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыра алуы керек. Бүгінгі күннің оқушысына білім беру көптеген тың идеяларды және түрлі әдіс- тәсілдерді қажет етеді. Сондай-ақ, жаңа әдіс-тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту мен оны қолдана білу де маңызды рөл атқарады. Оның барлығы мұғалімнің жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді.
Менің сабақ басында қолданатын әдіс – тәсілдерім:
1. «Бір қадам алға» әдісі. Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы студенттердің зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
2.«Мәтінмен жұмыс» әдісі. Бұл әдісте берілетін тапсырмалар:
мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;
әр бөлікке атау беру;
әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;
кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;
мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру;
мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;
мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.
3. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі. Студенттерге қандайда болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ / тапсырма жазылғаннан кейін әрбір студент жекеше өз ойлары мен пікірлерін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін студент жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі- үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

4. «Фильмдерді көру және оны талдау» әдісі. Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне -баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.
Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес, сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнайы таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.
Оқыту әдістерінің басты қызметі — оқыту, ынталандыру, дамыту,ұйымдастыру. Ал оқыту әдіс – тәсілдері: сабақта қолданылатын көрнекілік әдістері. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда сабақ кезінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.

Прокрутить вверх