My CMS

Сабақ барысында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер

Ауыл шаруашылығы – агротехникалық білім беруде маңызды салалардың бірі. Бұл бағытта білікті мамандарды даярлау – басты міндет. Әрбір оқытушы сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің білім сапасын арттыруға ұмтылады.
Мен, Исабаев Пахриддин, Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжде ауыл шаруашылығы пәнінің оқытушысы ретінде өз сабақтарымда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерімді бөлісуді жөн көрдім.
Белсенді оқу әдістері
Белсенді оқыту әдістері студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Мысалы, студенттерді топтарға бөліп, белгілі бір тақырып бойынша пікір алмасу, ойларын ортаға салу сияқты тәсілдер қолданылады. Бұл әдіс теория мен практиканың байланысын орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Өндірістік сабақтардағы әдістер мен тәсілдер
Өндірістік сабақтар студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және еңбекке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бұл әдістер студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, өз мамандығы бойынша жоғары біліктілікке ие болуына мүмкіндік береді.
Өндірістік сабақтарда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану студенттерді еңбек нарығына дайын, бәсекеге қабілетті және құзыретті маман етіп тәрбиелеуге ықпал етеді. Сондықтан оқыту барысында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану – кәсіби білім берудің ажырамас бөлігі.
Қорытындылай келе, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау студенттердің білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге де ықпал етеді. Сондықтан әрбір оқытушы жаңа инновациялық тәсілдерді меңгеріп, тәжірибеге енгізуге ұмтылуы қажет.

Прокрутить вверх