2024 жылы Леон (Франция) қаласында өткен 47-ші «WorldSkills Lyon 2024» Халықаралық коммерциялық емес чемпионатына тәжірбие алмасу сапары барысында бастау алған “Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж” МКҚК екі мамандығы халықаралық салалық акредиттеуден өту нәтижесінде “ПАРИЖ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ” оң қортындысына ие болып, 3W07161603 «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист машинисі», 3W07150501 «Электргазымен дәнекерлеуші» мамандықтары халықаралық салалық сертификатталануы ресми қорытындыланды.
МАҚСАТ: колледждің білім сапасын қамтамасыз етудің әлемдегі ең кең тараған және пәрменді моделін енгізу.
Атап айтқанда, колледждегі білім беру бағдарламаларының халықаралық және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау рәсімін аяқтадық.
НӘТИЖЕ: “Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж” МКҚК өз қызметінің және іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының деңгейін сапалы бағалау, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, әлеует және даму болашағы туралы объективті ақпарат алды.
Сонымен қатыр, колледжде білім алушылар әлемдік білім беру кеңістігіне кең ықпалдасу және білім беру қызметінің сыртқы нарығына шығу мүмкіндігіне ие болуда.
Колледждегі білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарығында имидждің өсуі және бәсекелестік позициялардың нығаюымен ерекшеленуде.
Бүгінгі таңдағы колледждегі институционалдық өзгерістерді оқытушылармен оқу шеберлерінің біліктілігін арттыру ғана емес, колледжіміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қолдауға бағыт алуында.
ҚОРЫТЫНДЫ: “ПАРИЖ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ” үйлестіруіндегі колледждің “ Ауылшаруашылығын механикаланлыру” және “Электрогазбен дәнекерлеу” мамандығының халықаралық салалық акредиттеуден өтуінің ресми сертификатталуы мынадай халықаралық білім алу стандарттарының мүмкіндіктеріне ие болды. Атап айтар болсақ:
— шетелдік техникалық және кәсіптік білім алу мекемелерімен академиялық ұтқырлықтың түрлі бағдарламаларына қатысу;
— шетелдік жоғары оқу орындарына түсу
— колледж түлектерінің ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мамандығы бойынша елде және шетелде жұмысқа орналасу.