My CMS

Сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Мен, Анарханов Нодирхон Набихонович, «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж» МКҚК-да өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеймін.
Сабақ барысында қолданатын әдіс-тәсілдерім студенттердің белсенділігін арттыруға және пәнді терең түсінуіне бағытталған. Сабақты бастамас бұрын студенттермен сәлемдесіп, оларды журнал бойынша тексеремін. Оқытуды жүйелі жүргізу үшін студенттерді арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етіп, сабақтың мазмұнына сәйкес   интерактивті тақта арқылы түрлі бейнематериалдар көрсетемін.
Әсіресе, ауыл шаруашылығының заманауи техникасы мен технологияларына байланысты бейнежазбалар студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу материалын терең меңгеруге көмектеседі.
Әрбір студенттің мүмкіндіктері мен қабілеттері әртүрлі болғандықтан, сабақ барысында дифференциацияланған оқыту әдісін қолданамын. Бұл әдіс арқылы әр студентке оның ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар беріп, жеке жұмыс жасауына мүмкіндік жасаймын.
Осындай тәсілдер арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылығын оятып, оларды болашақ мамандықтарына дайындауға барынша үлес қосамын.

Прокрутить вверх