My CMS

🏆 КОЛЛЕДЖІШІЛІК «TOP 100 STUDENTS» КОНКУРСЫ 🏆

«Talap» КеАҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №1134 қаулысымен бекітілген «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 61-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 29 қаңтарда «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК студенттері арасында «TOP 100 STUDENTS» колледжішілік конкурсы өтті. 🎉

🎯 Конкурстың мақсаты:

🔹 Талантты жастарды қолдау 💡
🔹 Жұмысшы біліктіліктерін дамыту 🛠️
🔹 Білім, дағды мен дарындылықты бағалау 🎨📚

📌 Конкурс 3 кезеңнен тұрды:

1️⃣ Уәждемелік хат – Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын идеяларды ұсыну (350 сөзден аспау қажет). ✍️
2️⃣ Бейнеролик – Қатысушының өз аймағына пайда әкелетін идеясы мен шолулары жинақталған 2 минуттық видео. 🎥
3️⃣ Презентация – Студенттің мамандығы бойынша өңірді дамытуға арналған жобасы (7 слайдтан артық емес). 💼📊

🎖️ Жеңімпаздар

Колледжішілік конкурста үздік нәтиже көрсеткен 9-232 «Арнайы тігінші» тобының студенті Азадбекова Шахзода Хасановна «TOP 100 STUDENTS» республикалық байқауының өңірлік кезеңіне жолдама алды! 🚀

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🏅👏
Сіздердің жетістіктеріңіз – еліміздің жарқын болашағының кепілі! 🌟 Табыстарыңыз көп болсын, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер! 🇰🇿

 

Прокрутить вверх