My CMS

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес

 

Түркістан облысы білім басқармасының «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК -да төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жарияланады:

(02.09.2024 ж бос және уақытша бос  орындар)

 

Лауазым атауыЛауазымдық жалақы

мөлшері

(еңбек өтіліне қарай )

1Жастар ісі жөніндегі инспектор-1 бірлік (уақытша бос орын)235060-199534 т.т.т
2Психолог-1 бірлік(уақытша бос орын)302914-171307 т.т.
3Асхана аспазшысы-1 бірлік(уақытша бос орын)104175-104175 т.т.
4Бұхаралық жұмыстар бойынша инспектор-0,5 бірлік117530-99767 т.т.
5Ауыл шаруашылығы механикаландыру мамандығының зертханашысы- 1 бірлік(уақытша бос орын)174346-146467 т.т.
6Бөлім меңгерушісі(Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану)- 1 бірлік(уақытша бос орын)289567-239927 т.т.
7Өндірістік  оқыту шебері (Ауыл шарушылығын механикаландыру мамандығы)- 2 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
8Өндірістік  оқыту шебері(Тігін өндірісі және киімдерді үйлестіру мамандығы)-2(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
9Өндірістік  оқыту шебері(Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығына-2 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
10Өндірістік  оқыту шебері(Автомобилдің электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик)-4 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
11Өндірістік  оқыту шебері(Токарлық ісі маманы)- 1 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
12Өндірістік  оқыту шебері(Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылыс және пайдалану мамандығына)-1 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
13Автокөлік жөндеу шебері зертханашысы- 1 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т
14Ағаш ұстазы зертханашысы- 1 бірілік(уақытша бос орын) (уақытша бос орын)174346-146467 т.т
15Өндірістік  оқыту шебері(дәнекерлеу мамандығына)-1 бірлік(уақытша бос орын) (уақытша бос орын)247891-217231 т.т
16Дәнекерлеу зертханашысы-1 бірлік(уақытша бос орын)174346-146467 т.т.
  1. Зертханашы

Лауазымдық міндеттері:

зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және өзге де жұмыс түрлерін орындайды;      бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес зерттеу процесінде материалдарды жинауға және өндеуге қатысады;      зертханалық жабдықтардың жұмыс күйін қадағалайды, оның жөнделуін іске асырады;      жабдықтарды (аспаптарды, аппаратураны) сынақ жасауға дайындайды, оны тексереді және әзірленген нұсқаулықтар мен өзге техникалық құжаттамаға сәйкес қарапайым реттеуді жасайды;      эксперименттерге қатысады, қажетті дайындық пен қосымша операцияларды іске асырады, бақылау жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, жұмыс журналдарын жүргізеді;      бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қажетті жабдықтармен, материалдармен, реактивтермен қамтамасыз етеді;      әдістемелік құжаттарға сәйкес талдаулардың, зерттеулердің, өлшеулердің нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді;      белгіленген тапсырмаға сәйкес әдебиеттерден, баяндамалық пен ақпараттық басылымдардан, нормативтік-техникалық құжаттамадан мәліметтерді таңдауды жүргізеді;      жүргізілетін зерттеулер мен тәжірибелермен байланысты әртүрлі есептеу мен графикалық жұмыстарды орындайды;      орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманың құралуына және ресімдеуіне қатысады.

 

       Білуге тиіс:

жұмыс тақырыбына қатысты нормативтік құқықтық актілер, нұсқаулық, нормативтік және анықтамалық материалдар;      талдаулар, сынаулар және зерттеулердің өзге түрлерін жүргізу әдістері;      әзірленетін техникалық құжаттамаға қолданыстағы стандарттар және техникалық шарттар, оны ресімдеу тәртібі;      зертханалық жабдықтар, бақылау-өлшеу аппаратурасы және оны пайдалану тәртібі;      техникалық есептер, есептеу мен графикалық жұмыстарды орындау әдістері мен құралдары;      есептеу техникасын пайдалану тәртібі;      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

 

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, арнайы даярлық және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

 

2.Өндірістік оқыту шеберлері (Ауылшаруашылық тракторист машинисті,  автомобиль көлігін жөндеу)

 

Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді. Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 

  1. бөлімше меңгерушісі

Лауазымдық міндеттері:

педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;

оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагогтердің жұмысын, сондай-ақ әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;

білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

білім беру және тәрбие процестерінің сапасын және білім алушылардың білім беру даярлығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

педагогтерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;

педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;

кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

оқу-материалдық базаны нығайту, оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдайды;

жабдықтардың сақталуын, санитариялық-гигиеналық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;

оқытушылардың есептілікті уақытылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуін қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары;

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

педагогикалық этиканың нормалары;

басқарудың инновациялық әдістері;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі

педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 1 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 2 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл; педагог-шебер үшін – 4 жыл.

  1. Психолог

 

Лауазымдық міндеттері:

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және сақтауға, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өтініштері кезінде психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;

білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып түзету-дамыту бағдарламаларын жоспарлауға қатысады және әзірлейді;

білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді;

әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық);

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез                  құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;

білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек көрсетеді және әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды;

педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;

кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;

білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;

жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін ажыратады;

білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;

жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдары;

педагогика теориясы, психология, жас ерекшелік физиологиясы, гигиена, белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі,

оқу жоспарлары мен бағдарламалары;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогикалық этиканың нормалары;

педагогикалық ғылымның дамуы мен жетістіктерінің бағыттары;

еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Педагогика және психология», «Әлеуметтік ғылымдар» («Психология» білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде – 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

5.Жастар ісі жөніндегі инспектор

Лауазымдық міндеттері:

 

басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісілген оқу жылына арналған Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарын бекітуге ұсынады;

 

білім беру ұйымдарының барлық алқалық органдарының жұмысына қатысады.

 

жастардың қызметіне қатысты мәселелерді қарайды, студенттік бірлестіктердің баяндамаларын, есептерін тыңдайды;

 

мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;

 

студенттердің мүдделерін қозғайтын білім беру ұйымдарының ережелерін, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысады;

 

студенттердің тұрмысы мен демалысын ұйымдастыруға қатысады;

 

студенттердің мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге қатысады;;

 

студенттердің білім беру ұйымдарында, сондай-ақ студенттік жатақханаларда оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін бұзуына байланысты мәселелерді қарауға қатысады;

білім беру ұйымының жастар ісі және қоғамдық өмір комитетінің қызметіне белсенді қатысатын студенттерді оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін көтермелеу жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

 

студенттердің ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен үй-жайларын пайдалану мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;

 

білім беру ұйымының басшылығына студенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;

 

оқудан тыс іс-шараларды жоспарлауға, дайындауға, өткізуге және талдауға тікелей қатысады;

 

білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелері мен жарғысын орындау бойынша студенттермен жұмыс жүргізеді;

 

жастар ісі жөніндегі комитетке оқуға түсетін студенттердің ұсыныстары мен өтініштерін қарайды;

 

студенттердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;

 

студенттердің демалуына жағдайлар жасауға жәрдемдеседі;

 

ТжКБ ұйымдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар мен мекемелер басшыларының алдында студенттердің мүдделерін білдіреді және қорғайды;

 

студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамытуға ықпал етеді;

 

жастардың волонтерлік қызметін дамытуды үйлестіреді;

 

білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңдары»;

 

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;

 

педагогикалық этиканың нормалары;

 

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;

 

қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

 

басқарудың инновациялық әдістері;

 

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары..

 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығы бар өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

 

Асхана аспазшысы. Қойылатын талаптар: Толық жұмыс күні.

 

Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланған жеті жұмыс күні өткеннен кейін белгілейді.

 

Конкурс өткізілетін орын:  Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй

Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941;  8(747-232-2806), 8(776-074-7779).

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиісТүркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй. Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941;  8(747-232-2806),   8(776-074-7779).

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білімі туралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)»Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);

10) түйіндеме (резюме);

11) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

12) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. /қоса тігіледі/

13) Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

  1. тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

 

Ескерту Қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Прокрутить вверх