My CMS

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

 

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес

 

Түркістан облысы білім басқармасының «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК -да төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жарияланады:

(23.08.2024 ж бос және уақытша бос  орындар)

 

Лауазым атауыЛауазымдық жалақы

мөлшері

(еңбек өтіліне қарай )

1Өндірістік  оқыту шебері (Ауыл шарушылығын механикаландыру мамандығы)-2  бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
2Өндірістік  оқыту шебері(Тігін өндірісі және киімдерді үйлестіру мамандығы) -3 бірлік (уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
3Өндірістік  оқыту шебері(Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығына)-1 бірлік (уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
4Өндірістік  оқыту шебері(Автомобилдің электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик) – 4 бірлік (уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
5Арнайы пән оқытушысы, өндірістік  оқыту шебері          (Дәнекерлеу ісі маманы)-2 жүктеме(уақытша бос орын)258420-214134 т.т.
6Өндірістік  оқыту шебері(Токарлық ісі маманы)- 1 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
7Өндірістік  оқыту шебері(Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылыс және пайдалану мамандығына) -1 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
8Өндірістік  оқыту шебері (Автомобиль көлігін жөндеу шебері мамандығы)-1 бірлік(уақытша бос орын)247891-217231 т.т.
9Автокөлік жөндеу шебері зертханашысы-1 бірлік (уақытша бос орын)203914-171307 т.т.
10Ағаш ұстасы зерханашысы- 1 бірлік(уақытша бос орын)203914-171307 т.т.
11Жалпы пән оқытушысы(математика пәні)-1  жүктеме(уақытша бос орын)258420-214134 т.т.
12Ұйымдастырушы педагог-1  бірлік(уақытша бос орын)203914-171307 т.т.
13Жалпы пән оқытушысы(биолигия пәні)-1  жүктеме(уақытша бос орын)258420-214134 т.т.
14Жалпы пән оқытушысы(ағылшын тілі пәні)-1  жүктеме(уақытша бос орын)258420-214134 т.т.
15Арнайы пән оқытушысы(Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы)-1 жүктеме(уақытша бос орын)258420-214134 т.т.
15Арнайы пән оқытушысы(Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі мамандығы)-2 жүктеме(уақытша бос орын)258420-214134 т.т.
17Арнайы пән оқытушысы(автокөлікке техникалых қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы)- 1 жүктеме(уақытша бос орын)258420-214134 т.т.
18Арнайы пән оқытушысы(Автомобиль электр жабдықтарын  жөндеу жөніндегі электрик біліктілігі мамандығы)- 2 жүктеме(уақытша бос орын) 258420-214134 т.т.
19Психолог- 1 бірлік (уақытша бос орын)302914-171307 т.т.
  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының педагог-ұйымдастырушысы

 Лауазымдық міндеттері:

білім беру ұйымы білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды;

таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

клубтар, үйірмелер, секциялар, жастар (студенттер) бірлестіктерінің жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастырады;

ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және т. б. бағыттардың бірін басқарады.;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім алушының қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;

дебаттар, студенттік парламент, кештер, мерекелер, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастырады, білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;

білім алушылардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;

іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология, физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;

педагогикалық этиканың нормалары;

жастар (студенттік) ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер мен нормалар.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 5 жыл.

 

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «педагог-модератор»:

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

жастармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын біледі;

тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді;

әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;

2) «педагог-сарапшы»:

«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін меңгерген;

білім алушыларға сараланған тәсілді ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлей алады;

жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолданады;

аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) «педагог-зерттеуші»:

«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін біледі, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлейді, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізеді, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарды басқарады;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

4) «педагог-шебер»:

«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік ету үшін облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау және тәлімгерлікті жүзеге асырады;

республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болып табылады немесе республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды дайындайды.

 

2.Жалпы пән оқытушылары (математика, биология, ағылшын тілі)

 Лауазымдық міндеттері:      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;      оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;      білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;   оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;      жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;      басқарудың инновациялық әдістері;      педагогикалық этиканың негізгі нормалары;      экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «педагог»:

білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;

цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

2) «педагог-модератор»:

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) «педагог-сарапшы»:

«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

4) «педагог-зерттеуші»:

«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) «педагог-шебер»:

«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

 

 

  1. Өндірістік оқыту шеберлері (аспаз, ауыл шарушылығын механикаладыру, тігін өндірісі және киімдерді үйлестіру, автомобиль электр, дәнекерлеу, токарлық, автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылыс және пайдалану, автомобиль көлігін жөндеу)

 

Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді. Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «педагог»:

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

2) «педагог-модератор»:

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) «педагог-сарапшы»:

«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындайды;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары бар;

4) «педагог-зерттеуші»:

«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) «педагог-шебер»:

«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

 

  1. Зертханашы

Лауазымдық міндеттері:

зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және өзге де жұмыс түрлерін орындайды;      бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес зерттеу процесінде материалдарды жинауға және өндеуге қатысады;      зертханалық жабдықтардың жұмыс күйін қадағалайды, оның жөнделуін іске асырады;      жабдықтарды (аспаптарды, аппаратураны) сынақ жасауға дайындайды, оны тексереді және әзірленген нұсқаулықтар мен өзге техникалық құжаттамаға сәйкес қарапайым реттеуді жасайды;      эксперименттерге қатысады, қажетті дайындық пен қосымша операцияларды іске асырады, бақылау жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, жұмыс журналдарын жүргізеді;      бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қажетті жабдықтармен, материалдармен, реактивтермен қамтамасыз етеді;      әдістемелік құжаттарға сәйкес талдаулардың, зерттеулердің, өлшеулердің нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді;      белгіленген тапсырмаға сәйкес әдебиеттерден, баяндамалық пен ақпараттық басылымдардан, нормативтік-техникалық құжаттамадан мәліметтерді таңдауды жүргізеді;      жүргізілетін зерттеулер мен тәжірибелермен байланысты әртүрлі есептеу мен графикалық жұмыстарды орындайды;      орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманың құралуына және ресімдеуіне қатысады.

 

       Білуге тиіс:

жұмыс тақырыбына қатысты нормативтік құқықтық актілер, нұсқаулық, нормативтік және анықтамалық материалдар;      талдаулар, сынаулар және зерттеулердің өзге түрлерін жүргізу әдістері;      әзірленетін техникалық құжаттамаға қолданыстағы стандарттар және техникалық шарттар, оны ресімдеу тәртібі;      зертханалық жабдықтар, бақылау-өлшеу аппаратурасы және оны пайдалану тәртібі;      техникалық есептер, есептеу мен графикалық жұмыстарды орындау әдістері мен құралдары;      есептеу техникасын пайдалану тәртібі;      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

 

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, арнайы даярлық және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

 

 

5.Арнайы пән оқытушысы( Тігінші, токарь,аспазшы,дәнекер, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, электрогазбен дәнекерлеуші)

Лауазымдық міндеттері:

өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;      сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;      еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;      білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;      топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;      оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;      технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;

оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;      білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;      қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

.

Білуге міндетті: ҚР заңдарын және АӘД байланысты арнайы оқу мен тәрбиелеуге қатысты нұсқамалық(нормативтік)құжаттарды; Психология мен педагогика негіздерін; білім алушылардың денсаулығы мен өмірлерін қорғау ережелерін; Білім туралы, Бала туралы конвенция, Еңбек заңдылықтарының негіздерін; ТЖ кезіндегі  ескерту мен әрекет етудің ұйымдастыру құрылымын; Тұрғындарды экологиялық апат, ірі өндірістік апаттар,қираулар және соңғы уақытта пайда болған жарақаттаушы заттардан пайда болған қорғану мен құтқару принциптері мен әдістерін; Жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «педагог»:

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

2) «педагог-модератор»:

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) «педагог-сарапшы»:

«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындайды;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары бар;

4) «педагог-зерттеуші»:

«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) «педагог-шебер»:

«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

 

  1. Психолог

 

Лауазымдық міндеттері:

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және сақтауға, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өтініштері кезінде психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;

білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып түзету-дамыту бағдарламаларын жоспарлауға қатысады және әзірлейді;

білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді;

әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық);

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез                  құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;

білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек көрсетеді және әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды;

педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;

кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;

білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;

жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін ажыратады;

білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;

жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдары;

педагогика теориясы, психология, жас ерекшелік физиологиясы, гигиена, белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі,

оқу жоспарлары мен бағдарламалары;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогикалық этиканың нормалары;

педагогикалық ғылымның дамуы мен жетістіктерінің бағыттары;

еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Педагогика және психология», «Әлеуметтік ғылымдар» («Психология» білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде – 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «педагог»:

білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;

цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

2) «педагог-модератор»:

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) «педагог-сарапшы»:

«педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

4) «педагог-зерттеуші»:

«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындайды;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) «педагог-шебер»:

«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

 

 

Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланған жеті жұмыс күні өткеннен кейін белгілейді.

 

Конкурс өткізілетін орын:  Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй

Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941;  8(747-232-2806), 8(776-074-7779).

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиісТүркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй. Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941;  8(747-232-2806),   8(776-074-7779).

 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білімі туралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)»Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);

10) түйіндеме (резюме);

11) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

12) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. /қоса тігіледі/

13) Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

  1. тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

 

Ескерту Қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Прокрутить вверх