Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Түркістан облыс білім басқармасының «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық» МКҚК колледжі төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жарияланады:
(14.08.2024 ж бос және уақытша бос орындар)
№ | Мекеме атауы | Орналасқан жері | Лауазым атауы | Лауазымдық жалақы мөлшері (еңбек өтіліне қарай ) |
1 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Орыс тілі және әдебиет оқытушысы — 1 жүктеме (бос лауазым) | 262070-244268 т.т. |
2 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Тігінші-3 жүктеме, (уақытша бос лауазым)
| 249395-223602 т.т. |
3 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | кітапханашы-1 жүктеме(уақытша бос лауазым) | 158434-143038 т.т. |
4 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Арнайы пән оқытушысы(токарь)- 1 жүктеме. (уақытша бос лауазым))
| 247891-217231 т.т. |
5 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Сызу пәні оқытушысы- 1 жүктеме(уақытша бос лауазым) | 262402-222982 т.т. |
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Арнайы пән оқытушысы (Ауыл шаруашылығы механикаландыру мамандығы) -1 жүктеме (уақытша бос лауазым) | 258420-214134 т.т. | |
6 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Ауыл шаруашылығы механикаландыру мамандығының зертханашысы -1жүктеме (уақытша бос лауазым) | 174346-146467 т.т. |
7 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Арнайы пән( Дәнекер ісі) -1 жүктеме(уақытша бос лауазым) | 247891-217231 т.т. |
8 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Арнайы пән оқытушысы (аспазшы)- 1 жүктеме(уақытша бос лауазым) | 247891-217231 т.т. |
9 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Аспаздың оқу өндірістік шебері -1 жүктеме (бос орын) (уақытша бос лауазым) | 247891-217231 т.т. |
10 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Оқу бөлімі меңгерушісі- 1 жүктеме (бос лауазым) | 289567-239927 т.т. |
11 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Арнайы пән оқытушысы (автокөлікке техникалық қызмет көрсету) 3 жүктеме(уақытша бос лауазым) | 258420-214134 т.т. |
12 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Арнайы пән оқытушысы (электрогазбен дәнекерлеуші)- 1 жүктеме (уақытша бос лауазым) | 258420-214134 т.т |
13 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы -1 бірлік (бос лауазым) | 214134-235547 т.т. |
14 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Ғимарат жұмысшысы-1 бірлік(, комендант) (уақытша бос лауазым) | 102527-997867 т.т. |
15 | Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі» | Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй | Ғимарат жұмысшысы-1 бірлік(вахтер) (уақытша бос лауазым) | 96535-96535 т.т. |
- Оқу бөлімі меңгерушісі:
Лауазымдық міндеттері:
— педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;
— оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагогтердің жұмысын, сондай-ақ әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;
— білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
білім беру және тәрбие процестерінің сапасын және білім алушылардың білім беру даярлығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
— педагогтерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
— педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
— кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
— оқу-материалдық базаны нығайту, оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
— жабдықтардың сақталуын, санитариялық-гигиеналық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
— білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
— оқытушылардың есептілікті уақытылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуін қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары;
— білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
— педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
- педагогикалық этиканың негізгі нормалары;
- басқарудың инновациялық әдістері;
— экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 1 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 2 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл; педагог-шебер үшін – 4 жыл.
2.Жалпы пән оқытушылары (Орыс тілі және әдебиет, Сызу)
Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады; білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді; оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; басқарудың инновациялық әдістері; педагогикалық этиканың негізгі нормалары; экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
- Өндірістік оқыту шебері (аспаз)
Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді. Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
4.Арнайы пән оқытушысы( Тігінші, токарь,аспазшы,дәнекер, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, электрогазбен дәнекерлеуші)
Лауазымдық міндеттері:
өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді; сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді; еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді; білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды; топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді; оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды; технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады; білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
.
Білуге міндетті: ҚР заңдарын және АӘД байланысты арнайы оқу мен тәрбиелеуге қатысты нұсқамалық(нормативтік)құжаттарды; Психология мен педагогика негіздерін; білім алушылардың денсаулығы мен өмірлерін қорғау ережелерін; Білім туралы, Бала туралы конвенция, Еңбек заңдылықтарының негіздерін; ТЖ кезіндегі ескерту мен әрекет етудің ұйымдастыру құрылымын; Тұрғындарды экологиялық апат, ірі өндірістік апаттар,қираулар және соңғы уақытта пайда болған жарақаттаушы заттардан пайда болған қорғану мен құтқару принциптері мен әдістерін; Жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
- Зертханашы
Лауазымдық міндеттері:
зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және өзге де жұмыс түрлерін орындайды; бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес зерттеу процесінде материалдарды жинауға және өндеуге қатысады; зертханалық жабдықтардың жұмыс күйін қадағалайды, оның жөнделуін іске асырады; жабдықтарды (аспаптарды, аппаратураны) сынақ жасауға дайындайды, оны тексереді және әзірленген нұсқаулықтар мен өзге техникалық құжаттамаға сәйкес қарапайым реттеуді жасайды; эксперименттерге қатысады, қажетті дайындық пен қосымша операцияларды іске асырады, бақылау жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, жұмыс журналдарын жүргізеді; бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қажетті жабдықтармен, материалдармен, реактивтермен қамтамасыз етеді; әдістемелік құжаттарға сәйкес талдаулардың, зерттеулердің, өлшеулердің нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді; белгіленген тапсырмаға сәйкес әдебиеттерден, баяндамалық пен ақпараттық басылымдардан, нормативтік-техникалық құжаттамадан мәліметтерді таңдауды жүргізеді; жүргізілетін зерттеулер мен тәжірибелермен байланысты әртүрлі есептеу мен графикалық жұмыстарды орындайды; орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманың құралуына және ресімдеуіне қатысады.
Білуге тиіс:
жұмыс тақырыбына қатысты нормативтік құқықтық актілер, нұсқаулық, нормативтік және анықтамалық материалдар; талдаулар, сынаулар және зерттеулердің өзге түрлерін жүргізу әдістері; әзірленетін техникалық құжаттамаға қолданыстағы стандарттар және техникалық шарттар, оны ресімдеу тәртібі; зертханалық жабдықтар, бақылау-өлшеу аппаратурасы және оны пайдалану тәртібі; техникалық есептер, есептеу мен графикалық жұмыстарды орындау әдістері мен құралдары; есептеу техникасын пайдалану тәртібі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, арнайы даярлық және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Кітапханашы
Лауазымдық міндеттері: Кітапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Автоматтандырылған деректер базасын жүргізу мен пайдалануды, қорлардың есебін, ұйымдастыру мен сақталуын оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады. Ғылыми әдістерді және кітапханалық қызметтің озық тәжірибесін қолданады.
Кітапхананың материалдық, қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Перспективалық және ағымдағы жоспарды қалыптастырады. Басқа кітапханалармен, ғылыми-техникалық ақпараттық органдармен, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатады және қолдап отырады. Есепке алуды және белгіленген есеп беруді ұйымдастырады. Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Кітапхана қызметінде ғылыми әдістер мен озық тәжірибені қолданады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; жоғары тұрған органдардың кітапхана жұмысы туралы жетекші құжаттарын; кітапхана жұмысының негізін; библиографияны, негізі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлерін, әдістерін; педагогика, психология, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі техникалық кәсіптік немесе жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша техникалық кәсіптік немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
7.Алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы.
Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының басшысына бағынады және білім алушылардың бастапқы әскери дайындығына, сабақтарды өткізу кезінде белгіленген қағидалар мен қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына жауап береді;
оқыту уақытында бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді және факультативті түрде (сабақтан тыс уақытта) әскери іс негіздерін зерделеу жөніндегі үйірмелерге басшылық жасайды;
өзінің кәсіби және педагогикалық білімін жүйелі түрде арттырады, әдістемелік дағдыларын жетілдіреді;
білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен бірлесіп, білім алушыларды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою бойынша алдын ала жұмысты ұйымдастырады;
жергілікті әскери басқару органдарына әскери оқу орындарына түсу үшін жасөспірімдерді іріктеу бойынша көмек көрсетеді.
Білім беру ұйымының бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушысы балалармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушымен (директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен), дене шынықтыру мұғалімімен (дене тәрбиесінің жетекшісімен) және сынып жетекшілерімен (өндірістік оқыту шеберлерімен), педагогикалық ұжыммен байланыста жұмыс істейді.
Білуге міндетті: ҚР заңдарын және АӘД байланысты арнайы оқу мен тәрбиелеуге қатысты нұсқамалық(нормативтік)құжаттарды; Психология мен педагогика негіздерін; білім алушылардың денсаулығы мен өмірлерін қорғау ережелерін; Білім туралы, Бала туралы конвенция, Еңбек заңдылықтарының негіздерін; ТЖ кезіндегі ескерту мен әрекет етудің ұйымдастыру құрылымын; Тұрғындарды экологиялық апат, ірі өндірістік апаттар,қираулар және соңғы уақытта пайда болған жарақаттаушы заттардан пайда болған қорғану мен құтқару принциптері мен әдістерін; Жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
- Ғимарат жұмысшысы( коменданта, плотник). Қойылатын талаптар: Толық жұмыс күні.
Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланған жеті жұмыс күні өткеннен кейін белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй
Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941; 8(747-232-2806), 8(776-074-7779).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй. Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941; 8(747-232-2806), 8(776-074-7779).
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білімі туралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6)»Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме (резюме);
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.