Түркістан облыс білім басқармасының «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық» МКҚК колледжі төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жарияланады:
(29.07.2024 ж бос және уақытша бос орындар)
1. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі»
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй
Дене шынықтыру нұсқаушысы — 1 бірлік
(бос лауазым)
185907-204887 т.т.
2. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі»
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй
Өндірістік оқыту шебері-1 бірлік.
(уақытша бос лауазым)
217231-230857 т.т.
3. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі»
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй
Алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы -1 жүктеме(бос лауазым)
214134-235547 т.т.
4. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Д.Қонаев атындағы аграрлы техникалық колледжі»
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй
Техникалық жұмысшы (еден жуушы, аула сыпырушы) — 2 бірлік.
(бос лауазым)
70000-93847 т.т.
1.Дене шынықтыру нұсқаушы
Лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау функциясы қызметін атқарады. Білім беру мекемесінде жалпыға міндетті стандарттар талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, дене шынықтыру бойынша оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады. Дене тәрбиесінен инновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады. Арнайы медициналық топқа жатқызылған балалармен қосымша сабақтар өткізеді. Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, дефектология негіздерін және тиісті әдістемелерді (кемтар балалармен жұмыс істеу барысында), санитария және гигиена негіздерін, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогикасын, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін, санитариялық ережелерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары біліктілік деңгейінің талаптарына сай болуы, «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
2. Өндірістік оқыту шебері. Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді. Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
3.Алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы.
Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының басшысына бағынады және білім алушылардың бастапқы әскери дайындығына, сабақтарды өткізу кезінде белгіленген қағидалар мен қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына жауап береді;
оқыту уақытында бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді және факультативті түрде (сабақтан тыс уақытта) әскери іс негіздерін зерделеу жөніндегі үйірмелерге басшылық жасайды;
өзінің кәсіби және педагогикалық білімін жүйелі түрде арттырады, әдістемелік дағдыларын жетілдіреді;
білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен бірлесіп, білім алушыларды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою бойынша алдын ала жұмысты ұйымдастырады;
жергілікті әскери басқару органдарына әскери оқу орындарына түсу үшін жасөспірімдерді іріктеу бойынша көмек көрсетеді.
Білім беру ұйымының бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушысы балалармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушымен (директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен), дене шынықтыру мұғалімімен (дене тәрбиесінің жетекшісімен) және сынып жетекшілерімен (өндірістік оқыту шеберлерімен), педагогикалық ұжыммен байланыста жұмыс істейді.
Білуге міндетті: ҚР заңдарын және АӘД байланысты арнайы оқу мен тәрбиелеуге қатысты нұсқамалық(нормативтік)құжаттарды; Психология мен педагогика негіздерін; білім алушылардың денсаулығы мен өмірлерін қорғау ережелерін; Білім туралы, Бала туралы конвенция, Еңбек заңдылықтарының негіздерін; ТЖ кезіндегі ескерту мен әрекет етудің ұйымдастыру құрылымын; Тұрғындарды экологиялық апат, ірі өндірістік апаттар,қираулар және соңғы уақытта пайда болған жарақаттаушы заттардан пайда болған қорғану мен құтқару принциптері мен әдістерін; Жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
4. Еден жуушы. Қойылатын талаптар: Толық жұмыс күні.
Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланған жеті жұмыс күні өткеннен кейін белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй
Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941; 8(747-232-2806), 8(776-074-7779).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй. Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941; 8(747-232-2806), 8(776-074-7779).
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6)»Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
#конкурс_вакансия