My CMS

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КОМЕРЦИЯЛАНДЫРУ: МАҚСАТЫ, МОДЕЛІ, ТӘУЕКЕЛДЕР

 

Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты

«Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж»

МКҚК директоры

    Кіріспе. Экономикалық саясаттың негізгі басымдығы бүгінгі таңда инновациялық дамуында. Кәсіпорындардың бәсекелестік артықшылықтарына сәйкес озық өндірістік технологияларды меңгерген жоғары білікті кадрлардың болуына байланысты. Ол шығармашылық ойлау қабілеті бар, үнемі білім алуға және өзін-өзі дамытуға қабілетті халықаралық стандарттармен қалыптасады. Бұл стандарттарды қалыптастырушы орта ол техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары. Бұл мәселені шешуді техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмысшы маман және орта буын мамандарын даярлау бағдарламаларымен іске асырады.

    Сонымен қатар, білім беру мазмұнын жаңарту мәселелерінен басқа, оның ішінде неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар, жұмысшы мамандықтар бойынша, ТОП-50 және ТОП-аймақ тізбесіне сәйкес жаңа мамандықтар ашу мәселелерінен басқа, колледж өнімдерін нарыққа шығару және білім беру ұйымы орналасқан аймағында кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру міндеттерін шешуді қамтамасыз ету қажет.

   Зерттеудің басым міндеттері, біріншден, колледж өнімдерін нарыққа шығару болса, екіншіден, бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған.

   Осы бағыттағы мақсаттарды орындаудағы приоритеттер қандай?

— материалдық-техникалық базаны білім беру үдерісін жарақтандыру; (жас маман жобасы)

— білім алушылардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оның ішінде WorldSkills конкурстық және чемпионаттық қозғалысын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

 — білім беру ұйымының кадр ресурсын дамыту, кәсіптік білім беру педагогінің кәсіптік стандартының талаптарына сәйкес басшы және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Талқылау. Мәселені шешу жолдары.

  1. Колледждің қызмет бағыттарын кеңейту.
  2. Даму Қоры.
  3. Қолданбалы біліктіліктің көпфункционалды орталығы.
  4. Шаруашылықты жүргізудің заңламалық тетіктерін реттеу.

   Аталған проблемаларды шешу және оның дамуын қамтамасыз ету үшін колледж білім беру қызметін қаржыландырудың қосымша көздерін іздеуге мәжбүр, өйткені бүгінгі күні аймақтардағы кәсіптік білім беру жүйесін ресурстық қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық кешен үшін заманауи білікті кадрларды даярлау міндеттеріне сәйкес келмеуі сақталуда. Қаржыландыру тапшылығы проблемаларды шешудің тиімділігі мен жеделдігіне әсер етеді.

  Мәселенің мүмкін болатын шешімдерінің бірі сәйкесінше құру болып табылады. Яғни,  еңбек нарықтары мен білім беру қызметтерін, халықтың білім беру қажеттіліктерін зерделеуге, қосымша кәсіптік білім беру саласында жаңа білім беру жобаларын құруға бағытталған құрылымдық бөлімшелер болып табылады. Басқаша айтқанда, кәсіптік білім беру ұйымына табыс әкелетін қызмет бағыттарын кеңейту (бюджеттен тыс деп аталады).

   Басты назарда ұстауымыз қажет мәселе, колледж бірінші кезекте білім беру мекемесі (меншік формасына қарамай – С.А),  екіншіден, колледждің қолда бар барлық экономикалық ресурстарын барынша тиімді пайдалану қажет екендігіне сүйенеміз.

  Колледждің негізгі табыс көзі ақылы білім беру қызметтерін көрсету болып табылады. Ал, ақылы білім беру қызметі сұраныста емес колледждердің табыс көзі не болып табылады? – деген заңды сұрақ туындайды.

Бұл сауалдың жауабына мысал ретінде, әлемдік тәжірбиеге сүйенсек, мысалы, Ресей Федерациясы он жылдан астам уақыт бұрын колледждерде қосымша қаржыландыру көзі ретінде  Даму қорын құрды.

 Ресей Федерациясының заңнамасында және қордың жарғысында белгіленген тәртіппен Қамқоршылар кеңесі құрылды және сәтті жұмыс істейді. Оның құрамына колледж түлектері, кәсіпорын басшылары мен кәсіпкерлер кірген.

 Білім беру процесін сүйемелдеу және білікті кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелерін шешудегі Қамқоршылық кеңестің рөлі зор. Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне мынадай мәселелердің кең ауқымы кіреді: колледждің қызметі мен дамуын қамтамасыз етудің бюджеттен тыс қаражатын тартуға; колледж қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға; конкурстарды, жарыстарды және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету; колледждің оқу материалдық-техникалық базасын дамытуға/жаңартуға, оның үй-жайлары мен аумағын абаттандыруға көмек беру; колледждің білім алушыларға атаулы стипендиялар және колледждің педагогикалық және басқа да қызметкерлеріне сыйақылар төлеу. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңес мүшелері колледжге бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, семинарлар өткізеді, практикалық тәжірибелерімен бөліседі.

Қолданбалы Біліктіліктің көпфункционалды  орталығы.

Колледждің ұйымдық құрылымындағы ерекшеліктері:

— колледж қолданбалы біліктілік көпфункционалдық орталық.

-орталық қызметінің негізгі бағыттары — жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіптік даярлау.

— дуальды оқыту жүйесі.

— екі біліктіліктегі модульдік оқыту.

Шаруашылықты жүргізудің заңнамалық тетіктерін реттеу. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы комерцияландыруды заңнамалық реттеу мәселесі шешілсе, мынадай мүмкіншіліктердің экономикалық механизмі іске асырылады.

Нәтиже.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді мекенінде орналасқан,      «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-ның колледж өнімдерін комерцияландыру моделін ұсынамыз.

Комерцияландыру моделінің басты бағыттары, қосымша қаржы табу, мамандықтар бойынша бизнес инкубаторлар бағытында қызмет көрсету, өндіру, дайындауды жүзеге асыру барысында, Колледж базасында қосымша қаржы табу  қызмет түрлері;

  • техникалық қызмет көрсету -1;
  • оқу курсы – 1;
  • қосалқы мердігерлік қызмет көрсету – 2;
  • шағын кәсіпорын құру – 2 мүмкіндіктері қалыптасады.

Нақтылай түсер болсақ;

  1. 07161600 — Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша, шаруа қожалықтарымен агрокооперативтерге мерзімді тиісті ауыл шаруашылығы машиналары және техникаларымен қызмет көрсету.
  • Essil-KZS-760-35 астық жинайтын комбайны – 1 дана. Мемлекеттік тіркеуі Х741ВАА.
  • БЕЛОРУСИЯ 2022. Тракторы – 3 дана, мемлекеттік тіркеуі AVD541X.
  • Доңғалақты трактор БЕЛОРУСИЯ 1523 – 1 дана, мемлекеттік тіркеуі AVD542X.
  • Экскаватор СASE 570ST – 1 дана, LOVOL 354 – 1 дана доңғалақты трактор,
  • мемлекеттік тіркеуі X717BAA;
  • КС-100 «PALESSE CS100» қозғалтқышы бар шөп шабатын машина – 1 дана, мемлекеттік тіркеуі ВАА316Х;
  • Астық сепкіш PRAVEST 400 – 1 дана;
  • Айналмалы соқа, 4 борозда – 1 дана;
  • ГТО-9 қатты органикалық тыңайтқыштар, Минералды тыңайтқышты шашыратқыш) қызмет көрсету – 1 дана;
  • Шетелдік ауыр жүк көліктерінің қозғалтқыш апараттарына техникалық қызмет көрсету станциясы.
  • Техникаға қызмет көрсету боксы 67,8 кв/м. Толық қызмет көрсету техникаларымен жабдықталған;
  • Автокөлік көтергіш құрал, жүк көтеру салмағы 3 тонна;
  • Фарсунка тазалайтын апарат, LM – 815.

  1. 07161300 — Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша, ВС1 көлік құралдарын басқарушыларына дайындау курстарын ашу. (колледж Республикалық «Достық көлік құралдарына басқарушыларын дайындау бірлестігіне» мүше).
    1. Жалпы аумағы 1,7 га құрайтын автодром;
    2. Daevoo Neхia-651BC13;
    3. Volkswagen Х795ВО;
    4. ВАЗ-21013- Х758АК;
    5. Lada 21214 880AY13.
    6. 07230100 — Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша, колледждегі жалпы 180 шаршы метр алаңды құрайтын 4 шеберхана базасында тігін фабрикаларына қосалқы мердігерлік қызмет көрсету.

Колледждегі бар құрал жабдықтар:

  1. TYPICAL- 25 дана тігін машинасы;
  2. JACK — 9 дана;
  3. SHUNFA — 9 дана.
  4. 07150500 — Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша).

Колледждегі жалпы 180 шаршы метр алаңды құрайтын дәнекерлеу цехы арқылы құрылыс компанияларына қосалқы мердігерлік қызмет көрсету.

 Колледждегі бар құрал жабдықтар;

  1. Дәнекерлеу құралдары Invertec 220 TPХ К12057-1;
  1. К12042-1 Invertec 400SХ;
  2. Аврора Орион 160,3.
  3. 07210100 — Ет және ет өнімдерін өндіру мамандығы бойыншы «Субөнімдерін өңдеу» шағын кәсіпорын құру.

Колледждің материалдық техникалық базасында 72 м/кв шеберхана мен төменде жазылған қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

  1. Мұздатқыш CB114-S;
  2. CM114-S тоңазытқыш шкафы;
  3. МИМ-600 ет тартқышы;
  4. ТМ3ГН-Г тоңазытқыш үстелі;
  5. Фаршемес BX100A;
  6. Пышақ стерилизаторы СТН-18;
  7. Сүйек ет арасы JG 310A;
  8. ETS737 электр тендеризаторы;
  9. Ет кескіш TT-M29S;
  10. SPB-P-15/7 (1500х700х850) өндірістік үстелі;
  11. СФ-260 гидравликалық шпритці.
  12. 08110300 — Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандығы. «Жидек өнімдері» шағын кәсіпорын құру.

Құлпынай, қызанақ, қияр өсіруге 160 м/кв жылыжай бар.

Қорытынды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы коммерцияландыру мақсаты:

  1. Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру;
  2. Колледж өнімдерін нарыққа шығару;
  3. Колледж ұжымында институционалды ортаны қалыптастыру;
  4. Жаһандану процесінің құзіреттерін меңгерген жұмысшы және орта буын мамандар даярлау;
  5. Нарықтық экономика сұраныстарында бәсекеге қабілетті өнім ұсыну.

       Тәуекелдер:

— сақтандыру заңдарында;

— жоспарланған немесе күтілген оң нәтижені алмау ықтималдылығы;

— өз ресурстарының бөлігін жоғалту;

— локальді тәуекел;

— салалық тәуекел;

-елдік тәуекел – елге тән, оның әлеуметтік – саяси жағдайының төмендеуі, инфляцияның төмендеуі т.б.;

— объективті тәуекел – стихиялық аппаттардың жеткіліксіз ақпараттығы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Соловьев, М. С. Креативные индустрии как сектор культуры / М. С. Соловьев, В. В. Лат- кин // Международный журнал гуманитарных и естественных наук. — 2017. — No 5. — С.
  2. Хакимова Е. Креативный кластер в концепции инновационной си-

 стемы // Теория и практика общественного развития. Краснодар, 2013. No 2. с. 236–238.

  1. Lhermitte M., Perrin B., Blanc S. The first global map of cultural and creative industries. Cultural times, EY, 2015.
Прокрутить вверх