My CMS

«ТАЗА СЕССИЯ – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ»

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-да 2024–2025 оқу жылының қорытынды мемлекеттік емтихандары басталды. Бұл кезең – студенттердің бірнеше жыл бойы алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде көрсететін маңызды уақыт.
Емтихандық кезеңмен қатар колледжде «Таза сессия – таза болашақтың кепілі» атты акция өз деңгейінде өткізіліп жатыр.
Мақсаты:
Студенттер арасында әділдік пен ашықтық принциптерін сақтау;
Академиялық адалдықты қалыптастыру;
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әділ бағалау жүйесін орнықтыру.
Акция аясында емтихан тапсыру процесі қатаң қадағалануда. Студенттердің өз біліміне ғана сүйеніп, емтиханнан әділ өтулеріне барлық жағдай жасалған. Оқу орны ұжымы бұл бастаманы толық қолдап, академиялық адалдықты қалыптастыруды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады.
«Таза сессия» – бұл тек емтихан тапсырудағы адалдық емес, болашақ маманның кәсіби және адами қасиеттерін айқындайтын маңызды қадам. Колледж ұжымы мен студенттері бұл қағидаларды берік ұстанып, білім мен тәртіпті ұштастыруда.
Барша түлектерге сәттілік тілейміз! Таза білім – жарқын болашақтың негізі!

Прокрутить вверх