Ауыл шаруашылығы саласына техникалық мамандарды дайындау – аса маңызды міндет. Бұл мамандықтың сапалы оқытылуы болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.
Мен, Абдураимов Ирисмахаммат, «Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінде» ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеймін. Өз ісімді сүйіспеншілікпен атқарамын және студенттерге сапалы білім беруге ұмтыламын.
Сабақ барысында қолданатын тиімді әдістерімнің бірі – топқа бөлу.
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде студенттерді шағын топтарға бөлемін. Бұл тәсіл олардың өзара қарым-қатынасын дамытып, бір-бірімен пікір алмасуына мүмкіндік береді. Оқушылар жаңа тақырыпты түсіну барысында бірлесіп жұмыс істейді, талқылайды және ортақ шешімдер қабылдайды.
Сабақтың басында техника кабинетінде студенттердің үй тапсырмаларын сұраймын, содан кейін жаңа тақырыппен таныстырып, оны жан-жақты түсіндіремін. Жаңа тақырыпты меңгергеннен кейін студенттерге арнайы тапсырмалар беріледі.
Белсенді оқыту әдістері студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Олар теорияны тәжірибемен ұштастырып, өз дағдыларын жетілдіреді. Студенттерге техниканы жүргізуді, оны жөндеуді және күтіп-баптауды үйрету арқылы олардың сабаққа деген қызығушылығын арттырамын.
Осындай әдістерді қолдану студенттердің білімін бекітуге, олардың кәсіби шеберлігін дамытуға және болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Абдураимов Ирисмахаммат