My CMS

Сабақ барысында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер

Мен Абдимавланова Мафтуна Абдикаримовна 2024 жылдың қараша айынан бастап тарих пәні оқытушысы болып жұмыс жасаймын. Білімім жоғары, педагог статусты, жас маманмын. Тәлімгерім тарих пәні оқытушысы Абдураимова Шаира апайдан үйреніп, тәжірибе арттырудамын.
Негізі, сабақ үдерістің негізгі бөлігі. Оның тиімділігі оқытушы сабақ барысында әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білуінде. Қазіргі заманғы білім беру саласында шығармашылықты және жаңашылдықты талап етуде. Мен сабақ барысында төмендегі әдіс-тәсілдерді қолданамын.
1. Үйге тапсырманы сұрақ жауап арқылы «Кім шапшаң?» әдісі арқылы сұрау;
2. Жаңа сабақтың тақырыбын студенттерге сұрақ қою арқылы немесе интерактивті тақтаға тақырыпқа байланысты фото шығару арқылы жаңа тақырыпты жеткізу;
3. Жаңа тақырыпты айтып түсіндіру және сол тақырыпты SWOT немесе FILA таблицалары арқылы студенттермен бірге талдап, түсіндіру;
4. Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма орындау үшін студенттерді топқа біріктіру:
— мозайка тәсілімен;
-бір түсті карточкаларды біріктіру тәсілімен.
— «Сандар сөйлейді» әдісімен тақырыпқа байланысты оқиғаларды қай топ көп жазуы;
— тақырыпқа байланысты глоссарий жазу;
— Интерактивті доска болған жағдайда фортуна дөңгелегіне студенттердің атын жазып, фортуна дөнгелегі таңдаған студент карточкаға жауап беруді.
Сабақ 90 минут болуына байланысты аралықта сергіту сәтін жасаймын.
Жаңа тақырыпқа байланысты жұптық жұмыстар орындайды.
Жаңалықтар вагоны тәсілі арқылы студенттер өтілген тақырыпқа байланысты өз пікірлерін айтып, білген мәліметтерімен бөліседі.
Қорыта айтқанда әдіс-тәсілдер студенттердің сабаққа деген ынтасын оятуда зор мәнге ие. Мен алдағы уақытта сабақ өтудің заманауи әдіс тәсілдерін тағыда жетілдіріп барамын.

Прокрутить вверх