My CMS

Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары

Мен, Абдуллаева Розаой, жас маманмын. Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжіне 2024 жылы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері болып жұмысқа орналастым. Қазіргі уақытта 9-231 «Аспаз» тобына практикалық сабақ беремін.

Инновациялық оқыту әдістерінің маңызы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама қоғамда адал еңбекті дәріптеп, кәсіби мамандардың маңыздылығын арттыруға бағытталған. Осы тұрғыда біздің колледж – жұмысшы мамандықтарын даярлайтын оқу орны болғандықтан, бізге қойылатын талап та, сенім де жоғары.

Аспаздық – бұл өнер, шығармашылық пен шеберліктің үйлесімі. Бұл салада білім беру тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларды меңгерту арқылы жүзеге асады.

Өндірістік оқыту шебері ретінде менің басты мақсатым – оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында аспаздық технологияларды меңгерту, тағам дайындау әдістері мен рецепт құрастыру, ас үй жабдықтары мен құралдарын дұрыс қолдануды үйрету секілді маңызды аспектілерге назар аударамын. Сонымен қатар, тағам дайындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, әртүрлі тағам түрлерін әзірлеу және оларды безендіру, дәстүрлі және заманауи аспаздық тәсілдерді біріктіру сияқты дағдыларды дамытуға басымдық беремін.

Сабақта видеосабақтарды қолдану, тағам дайындау процесін демонстрациялау, студенттер арасында аспаздық жарыстар ұйымдастыру сияқты белсенді оқыту әдістерін қолданамын. Сондай-ақ, ас үйде топтық жұмыс ұйымдастыру және әріптестермен өзара әрекеттесу арқылы оқушылардың ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын дамытуға көмектесемін.

Әр студенттің қабілеті мен деңгейі әртүрлі болғандықтан, сабақты жоспарлау кезінде олардың ерекшеліктерін ескеремін. Бір оқушыға көбірек қолдау қажет болса, басқаларына күрделі тапсырмалар беремін. Бұл әдіс әр студенттің жеке потенциалын ашуға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Менің негізгі мақсатым – оқушыларды кәсіби біліктілікке баулып қана қоймай, олардың аспаздық өнерге деген сүйіспеншілігін ояту. Осы мақсатта қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың білімін тереңдетіп, болашақта өз ісінің шебері болуына ықпал етеді. Әрбір сабақ – шығармашылық процесс, және мен осы процесте оқушылармен бірге үнемі жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге дайынмын.

Қолданылатын әдістер мен мақсаттар студенттердің кәсіптік шеберлігін арттырып, аспаздық саласында бәсекеге қабілетті маман болуына көмектеседі.

Прокрутить вверх